Павлодарда баланы сүндетке отырғызған кезде денсаулығына зиян келтірген дәрігер сотталды
Фото medical-training.ru
Павлодарда баланы сүндетке отырғызамын деп денсаулығына ауыр зиян келтірген хирургке қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, А. есімді дәрігерге Қылмыстық кодекстің 317-бабы 2-бөлігі бойынша медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс атқармауы айыбымен іс қозғалған.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2023 жылдың 23 тамызында хирург кәмелетке толмаған балаға сүндеттеу отасын жасаған. Салдарынан дәрігердің салғырттығынан баланың денсаулығына ауыр зиян келген.
Прокурор айыпталушыны бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі мен өкілдері де ең қатаң жаза тағайындауды талап етті. Өз кезегінде А. кінәсін мойындамай, ақтауды сұраған.
Сот дәрігерге бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындап, пробациялық бақылау орнатты. Сонымен бірге ол қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды.
Сондай-ақ, дәрігер бір жыл бойы хирург лауазымында медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының өкілі әртіс, әзілкеш Ғалымжан Құрманбек «жұмаққа билет» сатқан бейнежазбасы туралы жауап бергені туралы жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық