Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Досмұратов толығымен ақталды
Коллаж: Orda.kz
Атырау облыстық соты қызметтік міндеттерін тиісінше орындамады деп айыпталған Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовтың ісін қайта қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот барлық мән-жайды қайта зерттеп, Досмұратовтың кінәсі жоқ деген қорытындыға келді. Мұрат Досмұратовқа қарсы қылмыстық істі қайта қарау қорытындысы бойынша прокуратура оның әрекеттерінен қылмыс құрамын таппады. Айыптаушы тараптың өзі істі тоқтатуды және кәсіпорынның бұрынғы басшысын ақтауды сұрады.
«Атырау облысының прокуратурасы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты айыптаудан толық бас тартты. Осы негізде судья Мұрат Досмұратовты ақтап, мемлекет атынан кешірім сұрады», — деді мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорының әйелі Нұргүл Досмұратова.
Айта кетейік, 2022-2023 жылдар аралығында Мұрат Досмұратов жеткізуші әкелген жабдыққа АМӨЗ қаражатынан негізсіз ақша бөлініп, жалпы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп айыпталды. Соның салдарынан негізсіз түрде 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған. ҚР заңнамасына сәйкес, 371-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жеңіл санатқа жатты. Алғашқы сот шешімімен Досмұратовтан мемлекет пайдасына 2 млрд теңге өндірілетін болған.
1963 жылы туған Мұрат Досмұратов Мәскеу мұнайхимия және газ өнеркәсібі институтын «Инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз», Kazakhstan Petrochemical Industries, KLPE және басқа да компанияларда басшылық қызметтер атқарған. Ол 2022 жылдың шілдесінен 2024 жылдың қаңтарына дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры қызметінде болды.
Еске салайық, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Ол бұған дейін тағылған айыппен келіспейтінін айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық