Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
Коллаж: Orda.kz
Атырауда тұтастай жоғалды деген отбасының төрт мүшесі де ақырында өлі табылды, кеше ғана мәйіттері үй жанынан табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның жаназасы шықты. Қайын жұртын жалмаған қанды қол күйеу бала кінәсін мойындады. Orda.kz. тілшісі оқиғаның жібін тарқатып шолып шықты.
Айрандай ұйып отырған, асып-тасып өмір сүрмесе де барды қанағат тұтып күн көрген тұстастай бір отбасының қанды оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Ағалы қарындастың жаназасы Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында өтті. Олардың денесі 8 қаңтарда өз үйінің ауласындағы ескі сарайдың жертөлесінен табылған ата-анасының қасына жерленді.
Қанды қылмыс хронологиясы: Төрт адамның жанын жалмаған күйеу бала
Бұл Жангелдин ауылындағы отбасының жоғалып кеткені туралы алғашқы ақпарат 2025 жылғы қарашада шықты. Алдымен ауылдағы туыстары 32 жастағы Наурыз, 35 жастағы Мейрамгүл және олардың ата-анасы – Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның байланысқа шықпай жатқанын айтып полицияға шағымданған.
Бірінші болып 2026 жылғы 6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптылардың мәйітін өз үйінің ауласындағы ескі сарайдың еденінің астынан тапты. Бұл оқиға еліміз бойынша үлкен резонанс тудырды. Полиция қылмыстық іс қозғап, іздеуді күшейтті. Күдіктілерді анықтау бойынша тергеу барысында туыстары кенже қыздың күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиевтің соңғы рет жоғалғандарды көргенін айтты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ол Наурыз бен Мейрамгүлді таксиге отырғызып, белгісіз бағытқа алып кетті. Тергеушілерге басты күдікті деп Сәрсемаливке іздеу салды, артынша халықаралық іздеуде екенін мәлімдеді.
Ақырында Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның азаматтық некедегі жары кісі қолынан қайтыс болған Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқаливаның екінші қызы Ақбаян Мұқанғалиева екеуін Индонезиядан тапты. Индонезия полициясының ресми Polres Lombok Utara парақшасында жарияланған видеода басты күдікті Сәрсемалиев пен оның азаматтық некедегі жары Мұқанғалиеваны бір топ полиция Индонезия әуежайынан Қазақстанға жөнелткенін көруге болады. Мұқанғалиеваның денсаулығы нашар, тіпті жүре алмай, қол арбада отыр.
Оларды елге жеткізе салысымен оқиға орнына алып келді. Күйеу бала Сәрсемалиев төрт адамның жанын жалмағанын мойындаған. Сонымен қатар, ұзақ уақыт таба алмаған Наурыз бен Мейрамгүлді қалай өлтіргенін және қай жерге көмгенін өзі көрсетіп берді. Ағалы-қарындастың денесін 9 наурызда Атырау қаласы маңындағы Геолог ықшамауданынан табылды. Бұл басты күдіктінің бұрын жалдап тұрған үйдің ауласы болып шықты.
Сәрсемалиев қылмысқа баруына туыстардың арасында болған ұзақ жанжал себеп болғанын айтыпты. Ал Мұқанғаливаға күдікті статусы берілгенімен оның қылмысқа қандай әрекетімен қатысты екені әзірге белгісіз. Қазір ол психикалық денсаулық орталығында жатыр.
Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемәлиевтің кәмелеттік жасқа толмаған бес баласы бар. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын ресми ажырасқанымен кейін қайта қосылып, үй жалдап Геолог ықшамауданында азаматтық некеде тұрып келген. Туыстарының айтуынша, Мұқанғалиева соңғы баласын босанған соң жағдайы нашарлап, үнемі науқастанып қала берген екен. Ал марқұм Наурыз Мұқанғалиев осы әпкесінің ем-домына қарайласып қасында үнемі көмектесіп жүрген жанашыр болып жүрген.
Қайын жұртын жалмады деп айыпталаған Сәрсемалиев ұсталғанда одан төрт марқұмның жеке куәліктері, банк карточкалары мен ұялы телефондары табылды.
Оқиғаға қатысты ішкі істер министірлігі төрт адамның өліміне Сәрсемалиевпен арада болған тұрмыстық жанжал себеп болған деп айтты.
«Төрт адамның өліміне ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған. Тергеу «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр және іс министрліктің бақылауында. Сондай-ақ отбасының кіші қызының бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайын анықтау қажеттілігіне байланысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге жіберілді» деп жазылған ведомства түсіндірмесінде.
Orda.kz бұл резонансты істі әлі де бақылауында ұстайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Иран СІМ АҚШ әскери күштерін аумақтан тезірек әкетуге шақырды
- Судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары кісі өлімінің жан түршігерлік жай-жапсарын айтты
- Сарбаз оқпанда қалған пулемет оғынан қаза тауып, офицер 4 жылға сотталды
- Алматы көшесін «жасанды интеллектпен тазалай салған» қызметкер жұмыстан кетті
- Әл-Фарабидегі апат: Пактың «100 QR 02» жалған нөміріне қатысты іс тоқтатылды
- Алматыда жүргізуші бес адамды қағып, тағы бір көлікке соғылды
- Президент Берік Уәлиге «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыруды тапсырды
- Дәрілерді бақылаусыз қолдану ұлттық қауіпсіздікке қатер: Антибиотик сату қатаңдайды
- Қызылорда облысындағы жұмбақ өлім: Құдықтан табылған 20 жастағы жігіттің өліміне оның 15 жастағы інісі күдікті болып шықты
- Талдықорғанда сарбаздың қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды
- Мажарстанда жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысы қысқарды
- Атышулы «Алтын Орда» базарындағы тексеру қорытындысы: Үстеме 85 пайыздан асып кеткен
- Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
- «Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
- Сынған қабырғалары өкпесін тесіп өткен: 10 жасар бала кернеуі 6000 вольттық токқа түсті
- Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
- Мұхтар Жәкішев шетелдік құдалықты сынағандарға жауап берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
- Қашқадариядағы газ құю бекетіндегі жарылыс болып, алты адам тірідей жанып кетті
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды