Атырауда әйелін 35 жыл бойы қызғанып, ақыры атып өлтірген ер адам сотталды
Фото: Envato
Атыраудa 61 жастағы ер адам әйелі опасыздық жасамаса да күдіктеніп, оны өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдайға 1990 жылы болған оқиға себеп болған. Бір дастархан басында отырған көршісі мас кезінде ер адамға оның қыздарының бірі туған қызы емес екенін айтқан. Бірақ, көршісі ертесіне масаң болғанын, олай айтуына ешқандай негіз жоқ екенін айтып ақталған. Алайда бұл сөздер ер адамның есінде қалып қойып, жылдар бойы әйелін кінәлап келеді.
Осы жылы мамыр айында ер адам 6 күн қатарынан ішімдікке сылқия тояды. Ол таңға жақын мас оянып, жанында ұйықтап жатқан әйелін көріп, қызғаныштан оны өлтірмекші болады.
Сейфтен өз атына тіркелген аңшы мылтығын алып, оқтап, әйелін екі рет атып жібереді. Әйелі сол жерде жан тапсырды. Кейін ер адамның өзі полицияға қоңырау шалып, жасаған ісін мойындаған.
Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Атырауда төбелескен кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың ата-анасы жауапқа тартылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық