Атырау облысындағы жаппай төбелестен кейін сегіз жасөспірім ұсталды
Фото: Pixabay
Облыстың Сағыз ауылында түрлі шағын аудандардан келген жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай қақтығыстар соңғы кезде жиі қайталанатын мәселеге айналып, үлкен алаңдаушылық туғызып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстың ІІД мәліметінше, төбелестен кейін сегіз кәмелетке толмаған бала ұсталды.
«Олардың ата-аналарына қатысты түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жасөспірімдердің өздерімен профилактикалық әңгімелер өткізілді».
Медициналық көмекке ресми түрде ешкім жүгінбесе де, тұрғындар мұндай жанжалдар жүйелі қайталанатын жағдайға айналғанына наразы.
«Жасөспірімдер бірінші рет төбелесіп отырған жоқ. Бұл өзіндік «дәстүрге» айналды - бір шағын аудан екіншісіне қарсы. Ересектер де, балалар да мұны ойын ретінде қабылдайды. Бірақ жағдай өршіп барады. Полиция келеді, профилактика жүргізеді, сонымен бір біте салады. Ал бір айдан кейін тағы да дәлме-дәл қайталанады», - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Басқа тұрғынның айтуынша, кейбір қақтығыстар қайғылы оқиғамен аяқталған кездері де болған:
«Бұл жай ғана жанжал емес. Бірнеше жыл бұрын осындай бір дау-дамайдан кейін жергілікті тамада қаза тапты. Содан кейін тағы бір жағдай болды. Біз балаларды көшеге жіберуге қорқамыз. Бақылау қайда?».
Жұртшылық құқық қорғау органдары мен жергілікті биліктен жағдай тағы да ауыр салдарға әкеліп соқтырмайынша, әлдеқайда батыл шаралар қолдануды талап етеді.
Биылғы жыдың басында Атырауда көлік прокурорының қызметкерлері мен облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының арасында төбелес болған еді. Салдарынан салық қызметкері ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, комаға түсті.
Сондай-ақ, Ресей Федерациясымен шекаралас Атырау облысының Құрманғазы ауданында шекара маңындағы ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. Жанжал нәтижесінде бір адам қайтыс болды.
Еске салсақ, Атырау мұз айдынында төрт қыз никаб киіп, Қазақстан туына ұқсас жалаумен суретке түскен. Алайда оның жоғарғы бөлігінде арабша жазу мен қылыштың бейнесі болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық