Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның анасы ұлын жақтап шықты
Фото: әлеуметтік желіден
Атырау облысында бүтін бір отбасының жоғалуына және ерлі-зайыптының өліміне күдікті 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы өз шындығын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм Мақсот Мұқанғалиев пен Нәсіп Өтешқалиеваның құдағиы ұлымен соңғы рет 11 желтоқсанда сөйлескен. Содан кейін ұлы байланысқа шықпапты. Келіні Ақбаян Мұқанғалиева психдиспансер есебінде тұрған. Сол себепті бес баланы өзі бағып-қағады екен. Ал күдікті мен әйелі Атырауда үй жалдап тұрған.
«Мен баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Ондай жолға барады деп ойламаймын. Құдай сақтасын, мүмкін емес ол. Сенбеймін. Әкесінің мінезі қатаң, әкесінен қорқады негізі. Әскерден келген соң күзетте жұмыс істеді. Қазір жүк тасушы болып істейтін», — дейді күдіктінің анасы.
Әйел марқұм құдаларымен жақын араласпаған. Тіпті құдағи оларға ренжулі екен. Ақбаянның ата-анасы ол ауырғалы іздеп келмеген көрінеді. Әйел зейнет жасында болса да, немерелерімді өз жауапкершілігіме аламын дейді. Бес баланың үлкені 10 жаста, кішісі бір жаста екен.
«Осы хабарды естігеннен кейін балама хабарластым. Аудио хабарлама жібердім. Полицейлер мазалап жатқанын айтып, түзу жүрген-жүрмегенін сұрадым. Ешкімнің ала жібін аттама дедім. Бірақ хатымды оқымапты», — дейді ол.
Айта кетейік, Атырау облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде өзін «хакер» ретінде таныстырып, Жангелдин ауылынан жоғалып кеткен отбасының мән-жайын өз бетінше анықтадым деп мәлімдеген адамды іздестіріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық