Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
Фото Gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласы әкімінің орынбасары мен «Тұрғын үйлерге қалалық коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас директорының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов пен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары Бейбіт Мағзұмовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Сондай-ақ, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкіннің ҰҚК департаментіне түсініктеме беру үшін шақырылғаны хабарланын жазған едік.
Кейінірек адвокат Нұрлан Жолболов қала әкімі мен оның орынбасары қылмыстық іс аясында жауап алынғанын мәлімдеді.
«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп хабарлады ҰҚК.
Еске сала кетейік, бұған дейін, Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкінді облыс әкімдігінің ғимаратынан, жиын басталар алдында жауап алуға алып кеткені туралы ақпарат түскен еді. Кейін дереккөздердің мәліметінше, ол үйіне жіберілген.
Осы ақпараттан кейін адвокат Нұрлан Жолболов мәлімдеме жасап, Атырау қаласының әкімі де, оның орынбасары да қылмыстық іс бойынша өтіп жатқанын, алайда олардың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан еді.
Оқи отырыңыз:
Әл-Фарабидегі жол апаты: Куәгерлердің бәрі Пактың ішімдік ішкенін көрмегенін айтты
Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық