«Ат баптағандар Еуропаға кетіп қалады»: Алматының тарихи ипподромын бұзғалы жатыр
Фото: Orda.kz
Алматының қақ ортасындағы 42 гектар аумақты алып жатқан ипподром — қаланың ең көне спорттық нысандарының бірі. Бір кезде халықаралық жарыстар өтіп, мыңдаған көрермен жиналатын бұл орын бүгінде қирап, қараусыз қалған. Енді оның тағдыры тағы да қоғам назарында. Белсенділер мен ат спортының өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, биліктен ипподромды бұзбауын және оны тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына қосуын талап етті.
Orda.kz тілшісі баспасөз жиынына қатысып, істің мән-жайын анықтады.
Республикалық зауыттық жылқы тұқымдары палатасының төрағасы Талғат Жайсаңбаев ипподромда 25 жылға жуық еңбек еткенін айтып, бар жағдайды баяндады. Оның айтуынша, ат спортымен айналысқан балалардың көбі елден қолдау таппай, Еуропаға кетіп қалды. Бүгінде Қазақстанда бұл спортты ешкім дамытып отырған жоқ.

«Ипподромның бұзылуына жол бермеуіміз керек. Бұрын жылына 20-дан аса іс-шара өтетін. Қазір де-факто ипподром жоқ. Соңғы 25 жылда ипподромды бұзу туралы әңгімені кемі бес рет естідім. Әкім ауысқан сайын осы мәселе қайта көтеріледі. Бұл жолы да бекер емес сияқты», — деді Талғат Жайсаңбаев.
Оның айтуынша, Германиядағы әріптестері Алматыда animal-терапия бағдарламасын тегін енгізуге дайын, бірақ ол үшін ең әуелі ипподромның өзі сақталуы тиіс. Ипподром базасында ерекше балаларға арналған иппотерапия сабақтары өткізілетін, соңғы жағдайға байланысты бұл бағдарлама да тоқтады.
«Ипподромнан басқа жерге жылқыларымды ауыстыруға тура келді, терапия тоқтады. Менің шәкірттерімнің көбі шетелге кетті, өкініштісі олар енді Қазақстанды емес, басқа елдерді танытып жүр», — деді бұрынғы иппотерапия клубының жетекшісі Елена Сосновская көзіне жас алып.
Гид және белсенді Дана Миирбекова да ипподромның қазіргі жағдайына күйініш білдірді:
«Ипподром екі рет жаңғыртудан өткен, 3 мың адам сыятын орын болған. Ал қазір қоралар қирап жатыр. Дәл осы қазақ жерінде алғаш рет ат қолға үйретілген. Біз бұл мәдениетті дамытуымыз керек еді. Бірақ керісінше, бәрін құртып жатырмыз», — деді ол.

Күмәнді меншік иелері мен құрылыс қаупі
Қазір ипподром «Tengri Invest» компаниясының меншігінде. Кейін оның құрылтайшылары қатарына «Everest Development» құрылыс компаниясы қосылған.
«Неліктен құрылыс компаниясы осындай тарихи нысанды иеленуі керек? Әкім ауысқан сайын “ипподром” туралы әңгіме көтеріледі. Нысанды әдейі тоздырып, кейін “қалпына келтіру мүмкін емес” деп сылтау айтып, орнына тұрғын үй кешенін салуы мүмкін», — деді қоғам белсенділері.
Компания бұған дейін «ипподром аумағында тұрғын немесе коммерциялық нысандар салу жоспары жоқ» деп мәлімдеген. Алайда белсенділер бұл сөзге сенбейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық