Астананың 315 мың оқушысы қоғамдық көлікте тегін жүреді: LRT картасын қалай аламыз?
Фото: cts.gov.kz
Елордада 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Дегенмен оқу жылы басталар алдында Астанадағы оқушылардың ата-аналарына көлік карталарына қатысты бірқатар мәселені білгені жөн, деп хабарлайды Orda.kz.
Тегін жол жүру құқығы Астанада тұрғылықты жері бойынша тіркелген, білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Бұл жеңілдік тек мектеп оқушыларына ғана емес, басқа да білім беру ұйымдарында оқитын балаларға қатысты.
Астанада оқушылар үшін қоғамдық көлікпен жүру тегін, ол үшін автобус пен LRT-,а арналған арнайы карталарлы реттеп алу қажет. Алайда қазіргі уақытта автобустар мен LRT үшін әртүрлі көлік карталары қолданылып жүр.
Негізгі талап баланың көлік картасының болғаны және әр сапар кезінде оны міндетті түрде валидатордан өткізу керек.
Сонымен қатар 7-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар LRT қызметін де тегін пайдалана алады. Бірақ ол үшін арнайы дербестендірілген карта алу қажет. Бұл карта тек LRT жүйесінде қолданылады. Оны қалалық, жедел және қала маңындағы автобустарда пайдалану мүмкін емес.
Ал автобустар үшін басқа оқушы картасы қолданылады. Сондықтан бала автобуспен де, LRT-мен де жүретін болса, әзірге оған екі бөлек карта алғаны жөн.
Ал LRT картасын transcard.kz сайты арқылы онлайн немесе LRT станциясындағы кассадан рәсімдеуге болады. Ол үшін баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігі немесе 16 жастан асқан балалар үшін жеке куәлігі, Астанадағы мектептен немесе колледжден берілген анықтама, ақ түсті фонда түсірілген 3×4 көлеміндегі түрлі түсті фотосурет қажет. Картаны алғаш рет шығару құны – 1200 теңге.
16 жасқа дейінгі балаларға картаны ата-анасы немесе заңды өкілі рәсімдейді. 16 жастан кейін оқушы жеке куәлігі мен электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда картаны өзі рәсімдей алады.
Кассаға жүгінсеңіз, карта бірнеше минут ішінде дайындалады. Ал онлайн рәсімдеу кезінде құжаттарды тексеріп, төлем жасалғаннан кейін карта үш жұмыс күнінен бастап дайындалады.
LRT-да әр өткен сайын картаны турникеттегі валидаторға тигізу қажет. Жол жүру тегін болғанымен, картаны валидациядан өткізу міндетті. Онсыз сапар жеңілдікпен жасалған сапар ретінде тіркелмей қалады.
Егер оқушы картасын үйде ұмытып кетсе, LRT турникетінен тегін өте алмайды. Мұндай жағдайда кәдімгі бір реттік билет сатып алуға тура келеді. Ал енді карта жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны transcard.kz арқылы немесе LRT станциясындағы кассадан қайта шығаруға болады. Қайта шығару құны да 1200 теңге.
Егер карта баланың қолында болғанымен, турникетте жұмыс істемесе, станция қызметкеріне жүгіну қажет. Қажет болған жағдайда картаны кассада тексеріп, жеңілдік мәртебесін қалпына келтіреді.
Әзірге автобус пен LRT арасында бірыңғай ауысып міну жеңілдігі жоқ. Себебі екі көліктің төлем жүйесі бөлек-бөлек жұмыс істейді. Егер оқушының автобус пен LRT үшін жарамды жеңілдік карталары болса, сапар үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Алайда бір көліктен екіншісіне ауысқанда екі түрлі картаны пайдалануға тура келеді.
Билік қоғамдық көліктердегі төлем жүйелерін біріктіруді жоспарлап отыр. Көлік басқармасының мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Болашақта қоғамдық көліктің әртүрлі түрі үшін бірыңғай төлем жүйесін пайдалану жоспарланған.
Астанада шамамен 315 мың оқушы тіркелген. Ал электронды жол жүру ақысын төлеу жүйесінде шамамен 290 мың оқушы тіркелген. Өткен оқу жылында 59 268 оқушы көлік картасы шығарылған.
Оқушыларға арналған тегін жол жүру тарифі 18 жасқа дейін қолданылады. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жеңілдік мәртебесі автоматты түрде тоқтатылады. Егер оқушы Астанадағы басқа мектепке ауысса, жаңа оқу орнынан анықтама ұсыну арқылы жеңілдікті сақтай алады.
Оқу жылы басталар алдында ата-аналар баласының көлік картасының бар-жоғын және оның жарамдылығын тексергені жөн. Егер оқушы автобуспен де, LRT-мен де жүретін болса, әзірге әр көлік түріне арналған екі бөлек карта қажет болып отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық