Астанадағы Назарбаевтар мен Құлыбаевтар иемденген гектар жер: Ол жақта не бар және көршілері кім?
Коллаж Orda.kz
Orda.kz экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына тиесілі жылжымайтын мүліктерді іздеп, зерттеп жатыр. Бұл жолы біз гольф-клубтар, мемлекеттік саяжайлар және жаңа зәулім сарайлар туралы баяндаймыз.
Қарағанды тас жолы бағытынан бері қарай Астанаға кіреберісте ескі резиденция орналасқан. Бұл ауқымды аумақ (150 гектардан асады) биік қоршаумен қоршалған. Оны полиция күзетіп тұр. Жердің жария кадастрлық картасына қарасақ, бұл жер телімі президент істері басқармасының мемлекеттік резиденциялар дирекциясына тиесілі.
Ең қызығы бұл резиденцияның қандай мақсатта қолданылатыны...

Бұл жерде Назарбаев демалып жүр ме, әлде зейнетке шыққаннан кейін мемлекеттік саяжайды, жаңа иесіне босатып берді ме? Белгісіз.
Ал мемлекеттік саяжай маңындағы үлкен жер телімінің иесі кім екені белгілі. Бұл — Тимур Құлыбаев, дәлірек айтсақ, оның «Кипрос» ЖШС-і қарамағындағы жер. Картада көлемі 32 гектар болатын шағын гольф-клуб орналасқан. Жер телімінің құны — 213 миллион теңге.
Еске салайық, жуырда біз Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы аралда орналасқан жер телімінің бір бөлігін өз туыстарынан — яғни жиендерінен алып қойғанын анықтадық.
Тағы да гольф-клуб
Құлыбаевтың гольфқа қызығушылығы мұнымен шектелмейді. «Кипрос» компаниясына «Golf Club Astana» ЖШС де тиесілі, ал оның артында тағы бір гольф-клуб тұр. Бұл — елордадағы танымал орын. Мұнда жиі фестивальдер мен концерттер өткізіледі. Клуб элиталық тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан.


Айтпақшы, мұнда өте жайлы — кішкентай көлдің маңына орналасқан он шақты үй бар. Бұл жердегі үйлердің орташа бағасы шамамен 700–800 миллион теңге болады. Оның үстіне, іргесінде гольф-клуб орналасқан. Өте ыңғайлы.
Гольф-клубтың аумағы — 82 гектар. Тағы 8 гектар жерде үлкен зәулім сарай бар, жанында футбол және баскетбол алаңдары орналасқан. Бұл жер телімі «Golf Club Astana»-ға емес, тікелей «Кипрос» компаниясына тиесілі.


Осы тұрғын үй кешенінде тағы бір шағын үй мен жер телімі бар. Кадастрлық картаға сәйкес, қазіргі кезде ол «Oil Real estate» ЖШС-іне тиесілі. Алайда 2022 жылдың наурыз айында Астана әкімдігі дәл осы мекенжайдағы нысанды бұзу туралы «Кипрос» компаниясына рұқсат берген.
Қызығы, гольф-клуб пен Саяжайдың жанында «Қазақмыс» корпорациясының атына тіркелген зәулім сарай да орналасқан.


Бұған дейін біз Назарбаев пен оның ұлына тиесілі арал және оған іргелес жатқан аумақтар жайлы жазған едік. Ол жерлерді ол өзіне жақын швейцариялық Mabetex Group құрылыс компаниясының өкілдеріне берген. Бұл аумақтар аралдың сол жағалауында орналасқан. Ал оң жағалауында парк пен тағы бірнеше жер телімі бар. Аралдан Сарайшық ауданына апаратын жабық жол салынған, ол оң жағалауға дейін барады. Сол маңда, тура Есілдің бойында шағын сарқырамалар каскады орналасқан. Аумағы аса абаттандырылмаған, бірақ бұрын адамдар бұл жерге еркін келіп, тынығатын.
Ал қазір ондай мүмкіндік жоқ — себебі бүкіл аумақ темір қоршаулармен бөлініп тасталған.



Бұл аумақ пен ондағы құрылыстарды G-park пен «Кипрос» бөліп алған. Бұрын бұл жерде үлкен зәулім сарай тұрған, енді Құлыбаев, болжам бойынша, тағы бір жаңа сарай тұрғызып жатыр. Бұл жер телімдерінің барлығына берілген ресми міндеті — паркингі бар аз қабатты тұрғын үй кешенін салу тапсырылған.
Біздің көргеніміз — құрылыс жұмыстары басталып кеткен көрініс. Соның салдарынан азаматтардың сарқырамаларға баратын жолы жабылды. Айтпақшы, сол құрылысқа қарсы беттегі бірнеше бос жер телімі де «Кипрос» компаниясының меншігінде.


Байқасақ, Назарбаевтар әулеті «Жаңа Қазақстанда» да өзін «Ескі Қазақстандағыдай» емін-еркін сезініп жүр.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық