Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтер берілді
Фото: Facebook/ Астана қаласының әкімдігі
Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына 4 бөлмелі баспана берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасына елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады» деп жазылған Facebook парақшада.
Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі екен. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсетеді.
Еске сала кетейік, 2 маусым күні кешке таман Астанада жолаушылар автобусы «Самал» ықшамауданының маңында бағанға соғылды. Апаттан 15 адам жарақат алып, бір бүлдіршін қос аяғынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық