Астанада ашаршылық құрбандарына арналған тақтадағы «голодомор» сөзі «голод» деп өзгертілді
Фото: Дастан Абдырахманұлы / Facebook
Астанада ашаршылық құрбандарына арналған тақтадағы «голодомор» сөзі «голод» деп өзгертілді. Бұл туралы Threads-те «Қызыл отау» деген парақша жазды. Белсенді Әлімжан Ізбасаровтың жеке шағымы бойынша голодомор сөзді голод деп өзгертілді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Голодомор» сөзі қолдан жасалған ашаршылықты білдірсе, «голод» сөзі аштық, яғни ашаршылықтың сол кезеңде кісі қолынан емес, жағдайларға қарай болғанын білдіреді.

«Голодомор – Кеңес үкіметінің қасақана халықты ашаршылық арқылы қырып тастауын білдіретін, шындыққа еш қатысы жоқ үгіт-насихаты... Біз ашаршылықты және оның құрбандарды жоққа шығармаймыз. Бірақ мұның әдейі жасалғанын немесе толығымен Кеңес үкіметінің кінәсі екенін жоққа шығарамыз», — дейді жазба авторы.
Facebook қолданушысы Дастан Абдырахманұлы бұл пікірге түбегейлі қарсы.
«Бұл қисынсыз әрекет қазақ тарихының мәнін бұрмалау, халыққа жасалған қасіреттің саяси табиғатын жасыру. Аштық қазақ халқына табиғаттан емес, солақай саясаттан келгенін бүкіл әлем біледі. Сондықтан аталмыш тарихи шындықты бұрмалау һәм ұлттық жадқа қиянат», — деді ол.

Дастан Абдырахманұлы қала әкімдігінен тарихи атауды өзгерту кезінде кәсіби тарихшылар мен қоғам өкілдерінің пікірін ескеруді, «Голодомор» деп қайта жазуды талап етті.
«Голодомор дегеніміз қолдан жасалған аштықтың тарихи атауы. Яғни, қазақ жерінде 1931-1933 жылдардағы ашаршылық сталиндік ұжымдастыру, малды тартып алу, көшпелі тұрмысты жою саясатының нәтижесі. Қазақ халқының жартысына жуығы аштан қырылып, босқын болуы нағыз “голодомор”. Бұл тарихи қасірет әлемдік тарихнамада және отандық ғалымдардың еңбектерінде “Голодомор” деп мойындалған», — деді Дастан Абдырахманұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық