Кәмелеттік жасқа толмаған Алматы облысының тұрғыны 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: Orda.kz
Алматы облысында 12 жастағы қыз зорлық-зомбылыққа ұшырады деген хабар тарады. Қайғылы жағдай Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Күдікті — кәмелетке толмаған жасөспірім. Ауыл тұрғындарының барлығы бұл оқиға туралы естіп, жағаларын ұстаған.
Orda.kz тілшісі оқиға болған ауылға барып, жағдайды анықтап қайтты.
Ынтымақ ауылының тұрғындары күдіктінің кім екенін білгенде таңғалған. Өйткені олар оның мұндай әрекетке баруы мүмкін емес екенін айтады. Тілшіміз күдікті оқыған мектепке барып, ұстаздарымен сөйлесті.
«Ол бала 9-сыныптан кейін мектептен кеткен. Бізде жүргенде өте тыныш, тәртіпті оқушы болатын. Актёрлік қабілеті бар, тіпті киноға да түскен. Жалпы, тәрбиелі отбасынан шыққан», — дейді Ынтымақ ауылы орта мектебінің директоры Қарлығаш Надырбекова.
Ауылдағы өзге тұрғындар да бұл айыптауға сенбейтінін жасырмайды. Көршілері тіпті журналистермен сөйлесуден бас тартып, отбасының абыройын қорғауға тырысты.
Күдіктінің отбасы — қарапайым шаруа адамдары. Үйде әжесі де бірге тұрады.
«27 қазанда белгісіз адамдар аяқасты келіп, немеремді алып кетіпті. Мен ол кезде үйде жоқ едім. Не болғанын білмеймін, естіген сәтте жүрегім ұстап қалды. Өзі өте жайлы, еңбекқор бала еді. Бәріміздің қабырғамыз қайысып отыр. Қыздың ата-анасымен сөйлесуге мүмкіндік болмай тұр», — дейді күдіктінің әжесі.
Көршілері де оның мінез-құлқы мен тәртібіне оң баға береді.
«Ол бәрімізге сыйлы, қамқор бала. Ешқашан тентектік жасап, біреуге зиян тигізген емес. Көз алдымызда өсті, еңбекқор, ақкөңіл жігіт», — дейді көршісі.
Бейресми дерек бойынша, жасөспірім ұл мен қыз арасында сезім болған, алайда бұл туралы қыздың ата-анасы біліп қалып, іс насырға шапқан.
Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Күдікті – кәмелетке толмаған тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі қолданылды», деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Сонымен қатар, күдіктінің ата-анасы – кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп жазылған полиция мәлімдемесінде.
Ал облыстық полиция департаментінің басшылығы бұл істі өз бақылауына алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық