Астанада 10 адам мейрамхана тамағынан уланды

cover Фото: Pixabay.com

Астанадағы мейрамханалардың бірінде 10 адам тамақтан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Көктем» мейрамханасында тамақтанған 10 адам өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Тоғыз науқас тексерістерден кейін ауруханаға жатқызылды. Ал бір науқас ауруханаға жатудан бас тартып, үйіне қайтты. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы аса ауыр емес.

Айта кетейік, ақпан айында Ақтөбе облысында бастауыш сыныптың 23 оқушысы тәтті жеп уланып қалған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар