«Әскери қызметкер»: Түркістан облысында мүгедек жігітті өлтіргендердің бірі ұсталды
Фото: instagram/ ruslan_utepbai
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 19 жастағы мүгедек жігітті аяусыз соққыға жығып, пышақтап өлтірген бір топ жігіттің бірі ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әскери бөлімнің қызметкері ұсталды. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы қасақана адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті 2 айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында мүгедек жігітті бір топ жастар пышақтап өлтіргенін хабарлаған едік. 2- топтағы мүгедектігі бар 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14 жерінен пышақтап кеткен. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ал Жасұланның мәйітін ауыл шопаны араға екі күн салып, 22 ақпан күні байқап, полицияға хабар берген екен.
Марқұмның анасы бір топ жігіт баласының атынан несие алғанын айтты. Жігіттер марқұмды «280 мың теңгеңді төлеп береміз» деп алып кеткен көрінеді.
Жаңалықтар
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?