«Асфальтта дұға оқып жатты»: Куәгерлер Берденовке қастандық жасалған күнді еске алды
Коллаж: Orda.kz
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін оқиғаны көрген куәгерлер сотта жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің бірі Арайлым Қамытбек сол күні әкімдік маңындағы автотұрақта бейне түсіріп жүрген. Ол әкімдік ғимаратынан 2-3 адам шыға бастағанда, бірден оқ атылғанын айтты.
«Мен дереу полицияға қоңырау шалдым. Сол сәтте тағы 3-4 рет оқ атылды. Сол кезде классикалық костюм киген ер адам (Руслан Берденов) жүгірді. Ал оқ атқан кісі (Ернар Жиенбай) оны қуып келе жатты», – деді куәгер.
Ал Берденовтің жүргізушісі Мейрамбек Қалымбетов бастығының жұмыстан шыққанын күтіп көлік ішінде отырған. Ол болған жағдайды өз көзімен көріп, дереу есін жиып, Жиенбайды көлікпен соққан.
«Руслан Арысбекұлын өлтіріп қоюы мүмкін деп ойладым. Соққаннан кейін ол құлап, кейін қайтадан тұрып, қашып кетті», – деді Қалымбетов.
Куәгерлер Берденовтің жарақатынан ағып жатқан қанды тоқтатуға тырысқан. Ол сол кезде асфальтта дұға оқып жатыпты.
Айта кетейік, кеше, 6 тамыз күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов сотқа не үшін келмегенін айтып, сотталушы Ернар Жиенбайдың сотта айтқан сөзіне түсініктеме берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық