«Денемде 60-тан астам жарықшақ қалды». Берденов рентген суретін жариялады
Коллаж: Orda.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов сотқа не үшін келмегенін айтып, сотталушы Ернар Жиенбайдың сотта айтқан сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Берденов бес оқ жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатқанына байланысты сот отырыстарына қатыса алмайды екен. Бірақ сот процесін мұқият бақылап отырған көрінеді. Берденовтің айтуынша, Ернар Жиенбайдың бүгінгі сот отырысында айтқан барлық мәліметі жалған болып шықты. Әрі сотталушы бұған дейін әкімнің орынбасарына қысым жасаған.
«Ол өкілдерімен бірге менің қорғаушыларыммен байланыс орнатуға тырысып, «достасуды» ұсынды. Кешірім берілсе, шу көтермейміз деді, ал бас тартқан жағдайда «ақпараттық жарылыс» жасаймыз деп сес көрсетті. Тіпті, айыпталушының әкесі өзін-өзі өртейді деген мәлімдеме жасалатынын айтты. Мұны мен тікелей қысым деп бағалаймын», — деп жазды Берденов.
Оның айтуынша қақтығыстың түп-төркіні қызметтік сипатта екен. Сотталушы таратып жатқан «қызғаныш», «жеке қатынас», «жұбайы» секілді ақпараттар жалған екенін атап өтті.
«Бұдан да сорақысы – бүгінде бұл жалған мәлімдемелерге қала әкіміне қатысты тұстарды да қосып жатыр. Бұл тағы да істің ақиқатқа емес, қысым көрсету мен беделге нұқсан келтіруге бағытталған өрескел манипуляция екенін дәлелдейді. Мен мұндай мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарамын және оларды мойындамаймын», — деді Берденов.
Айта кетейік, бұған дейін Берденов Ернардан өзін өлтіруге Ғабит Сыздықбеков тапсырыс берді деп айтуды сұрағаны туралы ақпарат тарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық