Асеке, қыздар қайда?: Шерзат Болатты өлтірді деп күдікке ілінгендерге қарауыл қамқорлық жасаған
Коллаж: Orda.kz
17 ақпан күні Шерзат Болаттың адвокаттары Алматы облысының уақытша ұстау изоляторындағы қамаудағыларды ұстау нормаларын бұзу фактісі бойынша баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Желіде тараған видеода күдіктілер камерада көңіл көтеріп отырғаны байқалады: олар «Алиса» дауыстық көмекшісі арқылы музыка сұрап, билеп, Арман деген біреуге сұрақ қояды:
«Асеке, қыздар қайда? Есік аш, есікті аш».
Сенімді дереккөздерге сүйенсек, бір қарауыл күдіктінің отбасының досы болуы мүмкін, ол УҰИ-да туған күнін атап өткен. Алдын ала мәлімет бойынша, дәл сол адам УҰИ-да мерекелік шара ұйымдастырған.
Алматы облысының полиция департаменті видеожазбаның таралуы бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Барлық кінәлі тұлғалар, оның ішінде басшылық, қатаң жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды» деп жазылған хабарламада.
Дереккөздерге сәйкес, қарауыл жұмыстан босатылып, одан да қатаң жазаға тартылуы мүмкін.
Шерзат Болаттың адвокаты Ерлан Адаев осы видео тарағаннан кейін Ішкі істер министрлігіне сұрау жолдады.
«Іске қатысы бар барлық лауазымды тұлғалар анықталды. Олар тәртіптік жазаға тартылады. Камерада қолданылған заңсыз заттар – телефон мен смарт-колонка тәркіленіп, қызметтік тексеру материалдарына тіркелді. Бейнебақылау жазбалары да зерттелді», – деді Адаев.
Адвокаттар бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғауды талап етпек.
«Біз бірнеше қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін көріп отырмыз. Қызметтік тексеру нәтижесінде ҚК 366-бабы («пара алу») және ҚК 361-бабы («лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша іс қозғалу керек», – дейді адвокат.
Сонымен қатар, күдіктілердің бір камерада отырғаны да заң бұзушылық болуы мүмкін. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 32-бабына сәйкес, олар оқшаулануы тиіс.
Адвокат Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, Шерзаттың ісіне қатысты күдіктілер әртүрлі мекемелерде ұсталуы керек. Бірақ видеодағы адамдардың Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторында отырғаны анықталған. Оның айтуынша, күдіктілер тек телефон қолдану мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, бір-біріне еркін кіріп жүрген.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде тергеу изоляторында түсірілген видео тарады. Кадрларда бір топ ер адам туған күнді атап өтіп, торттағы шырақты үрлеп жатқанын көруге болады.
Жаңалықтар
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды