Шерзат Болатты өлтірді деген күдікті абақтыда туған күнін тойлап жүр
Коллаж Orda.kz
Әлеуметтік желілерде тергеу изоляторында түсірілген видео тарады. Кадрларда бір топ ер адам туған күнді атап өтіп, торттағы шырақты үрлеп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Көпшілік бұл оқиғаны Талғарда Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған күдіктілермен байланыстырды.
Алматы облысының полиция департаменті видеожазбаға қатысты мәлімдеме жасады.
«Уақытша ұстау изоляторынан бір тұтқынның туған күнін атап өткені бейнеленген видеоның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды», деп хабарлады полиция.
4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатқа шабуыл жасалып, ол ауыр жарақаттан көз жұмған. Бұл іс бойынша 11 күдікті ұсталды.
Кейін 12 қазанда белгісіз біреулер Шерзаттың отбасы тұрған үйді өртеп жіберді. Кейірек, Шерзаттың ағасы жұмбақ жағдайда қаза тапты.
Қаңтар айында Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталғаны хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық