Арыс қаласына жаңа әкім тағайындалды: Қайсар Маңқараев кім?
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
2024 жылғы 3 желтоқсанда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының жаңа басшысы Қайсар Маңқараевты таныстырды. Оның тағайындалуы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Арыс қаласының әкімі қызметін атқарған Гүлжан Мамытқызы жаңа жұмысқа ауысуына байланысты өз өкілеттігін тоқтатты. Ол өз ісінің шебері ретінде танылып, қаланың дамуына елеулі үлес қосты. Біз оған алғысымызды білдіреміз», – деді Сатыбалды.
Жаңа әкім Қайсар Маңқараевқа нақты міндеттер жүктелді. Олар өнеркәсіпті дамыту, жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту және аймақты абаттандыру. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мен қаланың логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану арқылы Арысты өнеркәсіптік орталыққа айналдыруға ерекше көңіл бөлінбек.
Қайсар Маңқараев — 1979 жылғы 9 сәуірде дүниеге келген. Бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану салалары бойынша жоғары білім алған. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 16 жыл 9 ай. Қызмет жолын 2000 жылы Шымкент қаласында кассир, менеджер және экономист ретінде бастаған.
Ол қаржы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мен елордада басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы жылдары Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды.
Еске сала кетсек, Orda.kz Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевты шілде айында Антикордың өңірлік филиалы қызметкерлері ұстағаны жайлы және жаңа әкім тағайындалғаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық