«Антикор ұстағаннан кейін»: Іле ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы облысы Іле ауданының жаңа басшысы Қайыржан Жақсымбетов тағайындалды. Ол облыс әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен қызметке кірісті, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салсақ, Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевты шілде айында Антикордың өңірлік филиалы қызметкерлері ұстаған еді. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қызметтік өкілеттігін теріс қолданды деген айып тақты. Сондай-ақ оның кабинетінде тінту жұмыстары жүргізілген болатын.
Ал Қайыржан Жақсымбетов — 1975 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінен «құқықтану» мамандығы бойынша диплом алған.
Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі болып бастаған.
Бұған дейін мына лауазымдарда қызмет атқарған:
- Жамбыл облысы Тараз қаласында «Сарыарқа» ауылшаруашылық кәсіпорнының вице-президенті;
- Алматы архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды қайта құру және қайта жоспарлау бойынша мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау бөлімінің бас маманы және басшысы;
- Алматы мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары және бастығы;
- Алматы Алатау ауданы әкімінің орынбасары;
- Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары;
- Алматы облысының мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық