АрселорМиттал Теміртау зауытында жұмысшы жарақат алды

cover

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытына жөнелту кезінде жұмысшы қаңылтыр металл орамында қалып қойды, деп хабарлады Orda.kz.

Бұл оқиға №1 қаңылтыр илемдеу цехында орын алған. Ауыр металл орамдары домалап түсіп, жұмысшыны басып қалған. Жақын жерде тұрған әріптестері оны құтқаруға тырысқан. 23 жастағы зардап шегуші белінің, бөкселерінің, сол жақ жамбас буындарының жұмсақ тіндерін көгертіп алды.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жарақат алған адам олардың қызметкері емес екенін хабарлады.

– Ол мердігер компания «Атлант Компани» ЖШС қызметкері. Прокат металын жөнелту кезінде ол жамбас сүйегінен жарақат алды. Өмірге ешқандай қаупі жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексерілуде. Компания басшылығы осы мердігердің қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін қайта аттестаттау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еңбек инспекциясы жөніндегі дирекцияның комиссиясы сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Айта кетсек, «АрселорМиттал Теміртау» зиянды заттарды ауаға шығарғаны үшін бір млн теңге айыппұл ғана төлеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар