Ардагер журналист Кәкен Қамзин алаяқтың арбауына қалай түскенін айтып берді
Фото: ҚазҰУ
Алматыда белгілі журналист, профессор Кәкен Қамзин алаяқтарға алданып баспанасынан айырылды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Facebook парақшасында өзгелерге сабақ болу үшін жазба жариялағанын айтты. Алаяқтардың алғашқы іс-әрекеті 12 маусым күні басталған екен. Таңертең профессорға «қалалық энергожүйесінен» бір әйел қоңырау шалады. Ол үйдегі электр есептегіштердің ескіргенін, соны жедел ауыстыру керегін ескертеді. Кейін жеке куәлігіндегі мәліметтерді сұрастырады.
«Телефонында қалалық энергожүйесінің логотипі тұр. Сендім. Түнімен жазу жазып, ұйқылы-ояу басым еш ойланбай деректерімді беріп жіберіппін», — деді Кәкен Қамзин.
Ол деректерін бергеннен соң, артынша «қаржы бақылау департаментінің» қызметкерімін деп тағы бір адам хабарласады.
Ол профессорға «Сіздің Egov-тағы барлық мәліметтеріңіз алаяқтардың қолына түсіп қалды. Неге бересіз, енді оларды іздестірумен, құрықтаумен біз айналысамыз. Бірақ бұл операция өте құпия жағдайда жүргізіледі, сіз ол туралы жақын-жұрағаттарыңызға да тіс жармайсыз», — деп қорқыта сөйлеген.
Кәкен Қамзиннің айтуынша, бұл адамнан кейін өзін «ҰҚК майорымын» деп таныстырған Мальтиев деген адам бейнетелефон шалған. Ол барлығын өзі бақылауында ұстайтынын айтыпты.
Тіпті ол: «бәрі құпия, сіз азамат ретінде алаяқтарды ұстауға көмектесуге міндеттісіз, әйтпесе қылмыстық кодекс бойынша жазаға тартыласыз» деп қарт журналисті алдаусыратқан.
Профессор бәрі осы қоңыраудан кейін басталғанын айтады. Алаяқтар Кәкен Қамзинге «мықты адвокат» деп Абай деген жігітті ұсынады. Олар хат алмасып, сөйлесіп тұрады. Журналист арада телефон арқылы гипноз жасаған болуы мүмкін екенін айтты. Себебі жайшылықта қария бір банк картасынан екінші банктің картасына қаражат жібере алмай, қызының көмегіне жүгінеді екен. Ал бұл жерде бүкіл ақшаны өзі шешіп берген.
Алаяқтар «сіздің атыңыздан біреулер төрт миллион теңге кредит алып үлгеріпті, соны жабу керек, ақшаңыз ешқайда кетпейді, «Ұлттық банктің» есебінде тұрады. Касса 24 деген терминалға салыңыз», — деген.
Профессор олар көрсеткен мекен-жайларға барып, бірнеше терминалдан қаражат жіберіп отырған.
«Одан кейін, ертеңінде ғой деймін, сіздің есебіңіздегі ақшаға қауіп төніп тұр. Соны Халық банктен шешіп алыңыз, біз курьер жібереміз, ол да «Ұлттық банктің» есебіне түседі, ақшаңыз ешқайда кетпейді деп сендірді. Содан соң қорымдағы бес миллион теңгені шешіп алып курьерге беріппін. Курьермен кездесу сағат төрттер мөлшерінде Әуезов көшесі мен Абай даңғылындағы Халық банктің алдында өтті. Курьердің суретін түсіріп алдым, ар жағымда бір күдік жылт етті ме, кім білсін. Бірақ кешкі сегіздер мөлшерінде (қателесуім де мүмкін) ақшаның «Ұлттық банк» есебіне түскені туралы мәлімет келді. Имандай сендім», — дейді Кәкен мырза.
Алаяқтар мұнымен тоқтамай, алдауын жалғастыра берген. Олар қарияны үйін нотариус арқылы нарықтық бағадан төмен қаржыға сатуға көндірген. Кәкен Қамзин үйін 26 маусымда 31 миллион теңгеге нотариус арқылы сатқан. Одан кейін екі кибералаяқтың нұсқауы бойынша ақшаны курьермен «ҰҚК-ның айтқан орнына» жөнелткен. Олар бір-екі сағаттан кейін ақшаның «Ұлттық банктің» есебіне түскенін хабарлап, түбіртектің көшірмесін жібереді.
Журналист алданғанын 4 шілдеде ғана білген. Дереу шәкірттеріне хабарласып, мән-жайды айтқан.
«Студенттерім үйге келіп, сатып алушыларды кіргізбей, оларға өздері қолма-қол 350 мың теңге жинап, бір айға пәтер жалдап берген. Полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалып, үй арестке қойылды», — деді ол.
Айта кетейік, Orda.kz Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студентінің ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп, көз жұмғаны жайлы жазды.
Жаңалықтар
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады