ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан студент секіріп, қаза тапты
Фото: Farabi University
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай 30 шілде күні күндіз болған. Дереккөздердің мәліметінше, «Шығыстану» факультетінің «Түркология» мамандығында оқитын студенттің мұндай қадамға баруына оқуда қалу немесе оқу ақысын төлеу мүмкіндігінің болмауы себеп болуы мүмкін.
Orda дереккөзі хабарлағандай, университет әкімшілігі оқиға туралы ақпараттың сыртқа таралмауы үшін қызметкерлердің телефонында фото немесе видео бар-жоғын тексерген.
«Кешкі сағат 18:00-ге дейін ректораттың есігі ішкі жағынан жабылып, сырттан ешкім кіргізілген жоқ. Жұмысшылардың телефондарын да тексеріп жатты», – деді дереккөз.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, студенттің бұл әрекетіне отбасылық қиындықтар түрткі болуы ықтимал.
«Бостандық ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы ІІМ академиясында бір топ ата-ана наразылық танытқан еді. Олар жоғары балл жинаған балаларының мемлекеттік грантқа іліге алмағанын айтып, әділдік талап еткен. Ата-аналардың айтуынша, ҰБТ-дан шекті деңгейден енді асқан, 50–55 балл алған талапкерлер оқуға қабылданып жатқанда, 70 балл жинаған кейбір үміткерлер академияға түсе алмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық