«Арбаға таңылған өмір»: Қайыршы әйелдің қиын тағдыры
Фото: Видеодан алынған кадр
Баян Жолдасова «Qazaq airan» YouTube арнасында өткен өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Арбаға таңылған әйел қайыршылықпен күнелтуге мәжбүр. Жататын орнына күнделікті 6 мың теңге төлейді. Ал ол ақшаны елден жинайды. Арзан пәтер суық болғандықтан денсаулығына зиян екенін айтты.
Баян Жолдасова ата-анасының қаталдығына налиды. Айтуынша, ата-анасы оны өмірге әкелгендеріне өкінеді екен. Жалғыз қызды алақанға салудың орнына, қарғыс айтып, балағаттаған. Оқиға белгісіз бойжеткенді ауылдағы 4 жігіттің зорлағанынан басталған. Айқай-шу болып, зорлағандардың ішінде біреуі үйленуге бел байлаған. Тұрмыс құрғаннан кейін Баян жүкті екенін білді. Бірақ құрсағындағы сәбиге деген аналық махаббаты болмады. Ол тіпті, кімнің баласы екенін білмеді. Баланы босанғаннан кейін перзентханада тастап кетуге бекінген. Бірақ жүрегі дауаламай, баланы өзінің анасына апарып берген.
Кейін тағдырына налыған 18 жастағы қыз қалаға келіп, құрылыста жұмыс істейді. Тағы бір ер адаммен көңіл жарастырады. Ұл босанады. Ұлы өсе келе лудоман болып шығады. Кейін ұлы аяқ астынан қайтыс болып, оның бар қарызы Баянның мойнына ілінеді.
Бірақ Баян Жолдасова қарыздың бәрінен құтылғанын, сол үшін үйін сатқанын жасырмады. Кейін әйел қайғысын ұмыту үшін 4 жыл бойы ішіп кеткен. Таныстары үйден қуып шығатын жағдайға жеткен. Тағдырдың қиындығына налыған әйел қолында бір тиын ақшасы болмай, көшеде бір әйелден мың теңге сұраған. Сол кезде бейтаныс әйел Баянды қайыршы болуға үйретіпті.
«Алғаш қайыр сұрағанда жылап қалдым. «Ойбай, апа болды» дедім. Сонда апа «Несіне жылайсың? Барар жерің жоқ, жейтін тамағың жоқ. Жүрісің мынау» деп ұрысып тастады. Таныстарымды көріп қаламын ба, деп қорықтым. Сөйтіп жүріп, үйреніп кеттім», - дейді Баян.
Дегенмен Баян үшін тағдырдың тосын сыйы таусылмапты. Қайыршылықпен күнелткен әйел рак ауруына шалдығады. Қазір емделіп жүр екен.
Баян өзі қанша тағдыр тауқыметін көріп жүрсе де, қиындыққа мойымай өмір сүру керегін, барлық мәселенің шешілетін жолы бар екенін айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық