Ақтөбеде оқушылардың тамағын үйіне тасыған басшыларды еден жуушы видеоға түсіріп алды
Ақтөбеде мектеп асханасынан тамақ тасыған басшылардың басы бәлеге қалды. Енді олардың аз қамтылған отбасы балаларына арналған азық-түлікті үйлеріне тасу себебі анықталады.
Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Қызылжар ауылдық мектебінде тіркелді. Еден жуушы кешкі уақытта мектеп асханасынан бір қорап азық-түлік алып бара жатқан директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарын көрген. Заңсыз әрекетті байқаған кіші қызметкер жағдайды видеоға түсіріп алды.
– Мұндай жағдай үнемі болады. Кезекші апай басшылардың асханадан пакет-пакет зат алып шығатынын осыған дейін де айтып жүр. Бірақ ол кезде біздің дәлеліміз болмады. Бұл жолы өзім видеоға түсіріп алдым. Аз қамтылған отбасы балаларына арналған тамақты мектептен алып шығу – заңсыздық. Басшыларға соны айтқанымда директордың өзі мені сотқа беретінін айтып қорқытты,– дейді Қызылжар мектебінің кіші қызметкері Роза Нұралиева.
Кейін мектептің шаруашылық жөніндегі орынбасары кіші қызметкердің үйіне іздеп барған. Бірақ кіші қызметкер оқиғаны аудандық басшыларға хабарлағаны белгілі болды.
Жағдайды облыстық білім басқармасынан анықтадық.
– Бейне жазбада көрсетілгендей шаруашылық меңгерушісінің үйіндегі тоңазытқышқа қою үшін азық-түлікті алып кетуге оқталу фактісі орын алды. Осы мәселеге қатысты аудандық білім бөлімі жанынан жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша еттің тоңазытқышқа сыймай тұрғаны расталды, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Жаманбаева.
Облыстық білім басқармасы аталмыш мектеп басшыларының жауапқа тартылғанын хабарлайды. Аудандық білім бөлімімен мектеп директорына «ескерту», шаруашылық жөніндегі орынбасарына «сөгіс» түрінде тәртіптік шара берілді.
Сонымен қатар, бүгін облыстан арнайы комиссия анықтау жұмыстарын жүргізуге аттанатыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
- «Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
- Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсететіндер ұсталды
- 368 млн теңгенің плиткасы: Павлодарда скверді жөндеу сметасынан күмәнді шығын шықты
- ІІМ дрон операторларын оқытып, әуеден әрекет етуге дайындайды
- Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
- Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
- Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен
- Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді
- АҚШ пен Иран мәмілесі: 60 күн ішінде келісімге келу жоспары бекітілді
- Астана маңындағы жол апатынан екі жол талғамайтын көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран бітімге келе қоймады: Трамптың қоқан-лоққысынан шаршаған Тегеран наразылық білдірді
- Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әлем кубогында топ жарды
- Ақтөбеде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, жабындыларды жұлып алды