Іле ауданының әкімі ұсталды: Бағдат Қарасаев антикордың тырнағына неге ілікті?
Фото: Іле ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кеше Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты ұстады. Оған қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және билікті асыра пайдалану бойынша күдікті болып отыр. Orda.kz тілшісі әкімнің Антикор қызметінің назарында болу себебін анықтауға тырысып көрді.
Антикор Бағдат Қарасаевты жаздан бері бақылауда ұстаған. 2024 жылғы 16 шілдеде камуфляж киген адамдар оның кеңсесі мен Өтеген Батыр ауылындағы қызметтік пәтеріне тінту жасады. Сол кезде әкімнің жүрек талмасы ұстап, ауруханаға жатып қалған.
Адвокат Айдын Мұңайтпасовтың айтуынша, Антикор қызметкерлері Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты қоқыс полигонына қатысы бар кәсіпкерге қолдау көрсетті деп күдіктенеді. Бүгінде құқық бұзушылық әрекеттері бойынша (ҚР ҚК 364-бабының 3-бөлігі) іс қозғалды.
Тінту, дәлірек айтқанда «шұғыл тергеу әрекеті» деп аталатын бұл әрекет іс материалдарын толық және объективті зерттеу үшін жүргізілді.
Тінту тек аудан әкіміне ғана емес, сондай-ақ «ADC TAZA ALEM» ЖШС директоры Ерлан Дүйсебаевқа да жүргізілді. Ерлан Дүйсебаев 34 гектар аумақтағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жеті жылға берілгенін айтты. Ол 2024 жылдың 16 шілдесінде Антикор қызметкерлері өзінің кеңсесіне де тінту жүргізіп, барлық құқықтық және бухгалтерлік құжаттарды тәркілегенін мәлімдеді.
«Рұқсат құжаттарынан басқа, тергеуші Сейітов ноутбуктерді, қабылдағыштарды, бейнекамераларды алып кетті. Олар бұл заттардан әкімге қарсы дәлел табылады деп ойлады. Қазіргі уақытта біздің кәсіпорын аумағында 36 млрд теңге сомасына қалдық сақтау және қайта өңдеу инвестициялық жобасы іске асырылуда. Халық наразылығын тудырмау үшін, Антикор қалдықты қайта өңдеу үшін шектеу қоймады. Сол үшін оларға рахмет!», — деді кәсіпкер.
Қарасаев Антикордың тырнағына қалай ілінді?
Ол 2018 жылдың қыркүйегінен бері Іле ауданының әкімі қызметін атқарып келеді. 2022 жылдың маусымында Жетісу облысының әкімі лауазымына балама кандидат болды, бірақ депутаттар Бейбіт Исабаевты таңдады. Бірақ тінтуден бір ай бұрын облыста Қарасаевтың Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тарап жатты.
Облыс екіге бөлінгеннен кейін Өтеген Батырда қызметкерлерге тұрғын үйдің жетіспеушілігі байқалды. Жыл басында Алматы облысының Антикор жетекшісі Болат Жармағов аудан әкіміне департамент қызметкерлеріне 10 қызметтік пәтер бөлу туралы өтініш жолдады. Алайда Қарасаев бұл өтінішті Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сілтеме жасап, қабылдамады. Қарым-қатынастың нашарлауына осы іс себеп болуы мүмкін бе?
Содан кейін де жылжымайтын мүлік дауы жалғаса берді. Департамент басшылығы аудан әкіміне Антикор қызметі орналасқан ғимаратты өз балансына тегін беру туралы өтініш жасаған. Қарасаев тағы да бас тартқан.
Іле ауданы әкімі аппаратының 31.07.2024 жылғы сұрауымызға берген жауабында:
«Қызметтік пәтерлерді бөлу бойынша өтініш 2024 жылғы 04.01. № 17-9-9/22-И хатымен алынған. Жер учаскелерін ЖТҚ үшін бөлу жөнінде өтініштер бізге түскен жоқ. Сондай-ақ Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің ғимараты Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр ауылы, Титов көшесі, № 33 «А» мекенжайында орналасқан. Бұл ғимарат «Іле ауданының құрылыс бөлімі» ММ балансына тіркелген және департамент осы ғимаратты тегін пайдаланады» деп жазылған.
Яғни, ғимарат әлі де жергілікті билік балансында тұр. Полигон мәселесіне келсек, қазіргі уақытта инвестициялық жоба қауіп алдында.
«Мен осы бизнеске 10 млрд теңге өз қаражатымды салмақшымын. Бағдат Қарасаев инвестиция салу үшін жағдай жасады. Сол үшін де ол түрмеге емес, сыйақыға лайық дер едім. Мен мұндайға шыдай алмаймын. Қоқысқа батып қалсаңдар да, өндірісті тоқтатамын», — деп наразылық білдірді ірі инвестор, отандық қорғаныс кәсіпорнының басшысы Талғат Адамов.
Қазір Бағдат Қарасаев уақытша қамау изоляторында отыр.
Orda.kz редакциясы жағдайды бақылауды жалғастырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық