Анапада техникумында студент атыс ашып, күзетші көз жұмды
Фото: Elements.envato.com
Ресейде техникум студенті оқу орнына келіп атыс ашқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Анапа қаласындағы техникумда қаруланған студент, колледждің күзетшісін атып өлтірді. Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев болған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, көңіл айтты.
«Қазіргі уақытта күзетші қаза тапты. Ол соққыны бірінші болып қабылдап, жедел әрекет етіп, құқық қорғау органдарын шақырды. Шабуыл жасаған адамның колледжге ары қарай кіруіне жол бермеді» деп жазды губернатор.
Қазір тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ БАҚ-тың мәліметінше, шабуылды осы техникумның автомеханик мамандығында оқыған 17 жастағы студенті жасаған.
Ол Telegram-да: «Бұл күні кінәсіздер болмайды, жолымда кезіккен кез келген мақұлық өледі» деген жазба жариялаған.
Соңғы күндері мектепте атыс ашқан адамдар туралы ақпарат жиі таралып жатыр.
Еске сала кетейік, Құлсарыда сыныптастарына балта ала жүгірген оқушы мектеп партасына оралды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық