«Анамды өлтіргісі келді»: Алматыда ер адам өз әйелін темір сойылмен ұрды
Фото: Orda.kz
Алматыда өз әйелін сойылмен аяусыз ұрған адам ұсталды. Әйелдің жақындары оған жеңіл жаза берілгеніне наразы, деп хабарлайды Orda.kz.
Оңтүстік астанада жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам өз әйелін темір сойылмен басынан, қолынан және аяғынан ұрған. Жәбірленушінің қызы Анастасия Борисова өзінің Instagram парақшасында шабуылдаушы анасын аңдып, 5 сәуірде кешке үйдің жанындағы аллеяда соққыға жыққанын айтты. Әйел 10-нан астам соққы алып, ауруханаға жеткізілді. Оның бас сүйегі мен қолы сынып, иығы мертікті.
«Менің анамды өлтіргісі келді, оның айқайын естіген жігіттер құтқарып қалды. Ол жігіттер кешке дейін істейтін көлік жөндейтін техникалық қызмет көрсету станциясының жұмыскерлері еді», – деді Анастасия.
Дәрігерлерге зардап шегушінің 10 жерін тігуге тура келді. Қазір ол жүре алмайды және еркін қозғала алмайды. Жәбірленушінің қызы полицияны әрекетсіздік жасады деп айыптады және ҚР ҚК-нің 108-бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша жүрген іске наразы болды.
«Түрксіб АІІБ қызметкерлерінің әрекет жасамағаны анық. Қылмыс жасалған күннен бастап бір күн өтті, бірақ куәгерлерден әлі ештеңе сұрамады, сараптама да тағайындалмады. Біз істі кім жүргізетінін де білмейміз. Кезекші бөлімдегі тергеуші кім деген сұраққа олар: «ол өзі қоңырау шалады» деп жауап береді»,– деді жәбірленушінің қызы.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады және күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Болған оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция департаменті.
Айта кетейік, Ақтау қаласында хиджаб киген қызды зорламақ болған ер адамды халықтың өзі «жазалаған» болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық