АМӨЗ шығарындыларды асыра пайдалану бойынша соттан ұтылды
Фото: ҚМГ
Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) ластаушы заттар шығарындылары нормативтерін арттырғаны туралы іс бойынша сот талқылауында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Атырау облысы бойынша Экология департаменті кәсіпорында шығарындылардың асып кету фактілерін анықтаған болатын. АМӨЗ-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
29 шілдеде Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кәсіпорынды кінәлі деп танып, 28 020 324 теңге айыппұл салды.
Бірақ АМӨЗ бірінші сатыдағы соттың шешімімен келіспеді және апелляция берді. Алайда кәсіпорынға шағымды қанағаттандырудан бас тартылды.
Қаулы заңды күшіне енді және АМӨЗ экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 28 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге міндетті. Қазір өндіріп алу кезеңі жүріп жатыр.
Біз бұған дейін ҚМГ АМӨЗ жұмысын тексеру үшін жұмыс тобын құрғанын хабарладық. Жыл басында Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкері бастығының қысымына шыдамай, қарнын жарып тастаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық