Болат Назарбаевтың серіктестеріне халықаралық іздеу жарияланды
Коллаж: Orda.kz
Ішкі істер министрлігі Данияр Әбдіғапаров пен Қанат Алмабекке халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл екі тұлғаның аты-жөні мен суреті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталындағы «қылмыскерлерді іздестіру» бөлімінде тұр.
Екі жыл бұрын Алматы облысының полиция департаменті Данияр Әбдіғапаров пен Қанат Алмабекке, тағы Жұмадин Патов пен Айдос Нұрқалиевке халықаралық іздеу жариялаған болатын. Shishkin like Telegram арнасының мәліметінше, ол жерде Қанат Алмабектің тегі Жақаев деп көрсетілген. Төртеуі де аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Прокурорлар күдіктілердің бұрынғы «Алтын Орда» басшылығының мүшелері болғанын және оларды іздестіру базар сатушыларының шағымына қатысты екенін атап өткен еді. Сатушылар павильоннан сауда орындарын алу үшін бұрынғы әкімшілікке қомақты қаражат төлегендерін айтады. Алайда ғимарат соңына дейін аяқталмай, адамдар орынсыз және ақшасыз қалған.
Ал қайта халықаралық іздеу жариялаудың себептері әлі айтылмады.
Айта кетейік, «Алтын Орда» базары шулы, даулы істерімен белгілі. Екі мыңыншы жылдардың басынан бастап қылмыстар, жанжалдар көп болған. Кейін оны тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев иеленгенін де БАҚ жарыса жазған болатын.
Алтын орда базары Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев басқаратын «KURYLYS LTD» компаниясына тиесілі екені қаңтар оқиғасынан кейін ғана белгілі болды. Басып алу, есірткімен ұсталу, алаяқтық сияқты түрлі қылмыстардың ордасына айналған базардың Youtube арнасындағы бейнежазбаларына қарасақ, қазіргі басшылары қайырымдылықпен айналысатын, атымтай-жомарт адамдар екен.
Orda.kz тілшілері базарға барып, мән-жайды анықтап қайтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық