Алматыдан Ташкентке жүрдек пойыз қатынайды
Өзбекстан мен Қазақстан Алматы мен Ташкент арасында аптасына үш рет қатынайтын жүрдек пойызды іске қосады. Бұл туралы «Өзбекстан темір жолдары» компаниясының телеграм-каналы хабарлады.
2022 жылдың 2 мамырынан бастап Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 (Тальго-Тұлпар) бағытымен аптасына үш рет №1/2 тұрақты жылдам пойызы ұйымдастырылады.
«Ташкент-Орталық» теміржол вокзалынан Қазақстанға бұл пойыз сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады. Ал «Алматы-2» теміржол вокзалынан Өзбекстанға – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жүреді.
Сонымен қатар, 1 сәуірден бастап Өзбекстаннан Қазақстанға ағымдағы жылғы алғашқы тұрақты жолаушылар пойызы: Нөкіс – Бейнеу – Нөкіс қатынай бастайды.
Пойыз Нөкіс стансасынан сейсенбі, жұма және жексенбі күндері, Бейнеу стансасынан – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жолға шығады.
Компания екі жылдан кейін елдер жолаушылар пойыздары үшін шекараларды біртіндеп аша бастағанын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық