Алматыдағы тергеу абақтысында судья қайтыс болды
Алматы қаласындағы тергеу изоляторында судья көз жұмды. Ол бұған дейін сыбайлас жемқорлық және алаяқтық күдігімен ұсталған болатын, деп хабарлады Orda.kz.
Қайтыс болған азамат — мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соттың судьясы. Оның өлімі туралы ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі растады, бірақ есім-сойы нақты аталмады.
«Тергеу изоляторында қамауда отырған ер адам кенеттен көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі — жүректің тоқтауы. Бұл жайт бейнебақылау камерасына тіркелген» деп жазылған ҚАЖК хабарламасында.
Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, ал сот-медициналық сараптама мен қызметтік тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін – 2024 жылғы 30 қазанда, Алматыда аталған судьяға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша ҚР ҰҚК тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат ол кезде де жария етілмеген.
Еске салсақ, Берденовтің сотында судья журналистке тілін шығарып, бір-ақ күнде танымал болған еді.
Сонымен қатар шетелде қашып жүрген Байбектің әйелінің құрбысы, бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық