Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесін Мұхтар Шаханов атына ауыстыру туралы жазба тарады. Бұл бастама мыңдаған лайк жинап, пікір алаңында қызу талқылауға себеп болды. Бірі қолдаса, енді бірі тарихи атауларды өзгертуге қарсы пікір білдіріп жатыр. Осы пікірталас аясында Orda.kz тілшісі Розыбакиев көшесінің тарихын және ол кімнің есімімен байланысты екенін еске салып өтуді жөн көрді.
Розыбакиев көшесі қайда орналасқан?
Алматыдағы Розыбакиев көшесі қаланың Бостандық және Алмалы аудандарын қиып өтеді. Көше мемлекет қайраткері Абдолла Розыбакиевтің есімімен аталған. Бүгінде бұл аумақта көтерме базарлар, «Дана» сауда орталығы, банктер, дүкендер, кафе мен ірі коммерциялық нысандар орналасқан.
Көше 1962 жылға дейін 17-линия деп аталып келген. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек даңғылынан басталып, әл-Фараби даңғылына дейін созылады. Абай, Сәтбаев, Жандосов, Тимирязев, Төле би сияқты ірі көшелерді қиып өтеді.
Абдолла Розыбакиев кім болған?
Абдолла Розыбакиев 1897 жылы қазіргі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Киікбай ауылында дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болып өскен ол алғашында медреседе оқығанымен, кейін орыс мектебіне ауысып, Верный қаласындағы приход училищесінде білім алған. Одан кейін мұғалімдер семинариясы мен бухгалтерлік курстарда оқып, банк саласында жұмыс істеген.
Павел Виноградов және сол кезеңдегі революциялық көзқарастағы тұлғалармен танысуы оның өмір жолын түбегейлі өзгертеді. Осыдан кейін ол түрлі саяси қозғалыстарға араласа бастайды.
1917 жылдың сәуірінде «Верный мұсылмандарының біріккен еңбек одағын», ал қазан айында ұйғырлардың «Алға» атты тұтыну қоғамын құруға қатысады. Сол кезеңде О.Жандосов, П.Виноградов, Т.Бокин сияқты қайраткерлермен бірге Жетісуда Кеңес өкіметін орнату ісіне атсалысқан.
Розыбакиев қоғам мүшелерін біріктіру, идеялық бағыт беру жұмыстарын белсенді жүргізген. Верныйда революциялық комитет құрамына кіріп, жергілікті халықты жаңа басқару жүйесіне тарту ісінде жұмыс істеген. Сондай-ақ Жаркент уезінде Қызыл гвардия отрядтарын құруға қатысқан.
1918 жылы ол Верный қалалық партия ұйымы жанындағы мұсылмандар секциясын басқарды және Жетісу облыстық атқару комитетінің ұлт мәселелері жөніндегі бөлімін басқарған. Кейін білімін Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университетте жалғастырып, 1925–1927 жылдары оқыды.
Ашаршылық жылдарындағы рөлі
1930-жылдары Қазақстанды жайлаған ашаршылық кезеңінде Розыбакиев халық комиссары қызметін атқарып, азық-түлік мәселесін реттеу ісіне тартылған. Ол тек саяси қызметпен шектелмей, шығармашылықпен де айналысқан. «Мансапрасас» («Мансапқор») атты пьеса жазып, сол арқылы қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көтерген. Орыс, қазақ, өзбек және татар тілдерін еркін меңгерген ол аударма ісімен де айналысқан.
Қуғын-сүргін және қаза
1937 жылы Алматыға оралған соң Қазақстан КП ОК баспасөз және баспа бөлімінде қызмет атқарды. Алайда 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін оның да тағдырын айналып өтпеді. 1938 жылы Абдолла Розыбакиев атылып кетті.
Розыбакиев ұйғыр тіліндегі алғашқы баспасөз құралдарының қалыптасуына тікелей атсалысқан. Ол «Кедей үні», «Бірінші қадамдар» альманахы сияқты басылымдардың негізін қалаушылардың бірі болды.
1918–1925 жылдары Жетісуда шыққан түрлі газеттердің редакция алқасында жұмыс істеді. 1931 жылдан бастап «Қызыл таң» журналының редакторы болды.
Көше тарихы және қалалық даму
Розыбакиев көшесі Есентай мен Қарасу өзендерінің арасындағы аумақ қала құрамына енген кезде қалыптаса бастаған. Ол кезде аумақ «линиялар» деп аталып, кейіннен қала инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналды.
Бүгінде бұл көше Алматының ең қарқынды дамып жатқан магистральдарының бірі. Мұнда ірі сауда орталықтары, бизнес нысандар, қоғамдық орындар шоғырланған.
Розыбакиев көшесін Мұхтар Шаханов атына ауыстыру туралы ұсыныс қоғамда әртүрлі реакция тудырып отыр. Бұл ұсыныс тредс әлеуметтік желісінде жарияланып, 13 мыңнан астап лайк пен 300 ден астам пікір жазылған. Оқырмандардың бірі қолдаса, кейбірі тіпті Розибакиевтің кім екенін сұрап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық