Алматыдағы оқу орны студент қыздарына ұяң болуды, ер азаматтарға иіліп сәлем беруді үйретіп жатыр
Фото: DALL-E
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бірінші курста оқитын студент қыздармен жабық кездесу өткізіліп, оларға ер адамдардан келген «тәрбие сабақтары» жазылған бейнеролик көрсетілген. Қыздарға қалай киіну, қалай сөйлеу және ер азаматтармен қалай сәлемдесу керектігі түсіндірілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылық студенттердің шағымын Qumash паблигі жариялады. Олардың айтуынша, аудиторияға шамамен 40–50 бірінші курс студенті жиналған. Ерекше жиын алдында қабырғаларға қыздарды ұяң болуға үндейтін постерлер ілінген, кейін бейнеролик көрсетілген. Видеода әртүрлі жастағы ер адамдар қыздардың өзін қалай ұстауы керек деген пікірлерімен бөліскен.
Негізгі кеңестер: ашық киінбеу, қатты сөйлемеу және ер адамдармен кездескенде міндетті түрде иіліп сәлемдесу.
Аға оқытушылардың бірі тіпті шектен шығып, Еуропада «әйелдер еркіндігі шамадан тыс болғандықтан» ЛГБТ сияқты қоғамдастықтар мен басқа да құбылыстар кең таралған деген пікір айтқан.
Куәгерлердің сөзінше, жиын біткенше аудиториядан ешкімге шығуға рұқсат берілмеген.
Кейінірек университет бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, кездесудің «ұлттық құндылықтар мен Абай Құнанбайұлының тәрбие философиясын» насихаттауға бағытталған тәрбиелік бағдарламаның бір бөлігі өткенін мәлімдеді. Ресми жауапта бұған дейін мұндай іс-шаралар сынға ұшырамағаны айтылған:
«Кездесу барысында көрсетілген бейнематериалды студенттер әртүрлі қабылдап, қатысушылар арасында пікірталас туды. Университет әкімшілігі бұл жағдайды түсіністікпен қабылдайды және болашақта осындай мазмұндағы материалдарды таңдауда барынша мұқият болатынын мәлімдейді».
Сонымен қатар, ҚазҰПУ берген жауабында өздерінің зайырлы оқу орны екенін, студенттердің еркіндігіне, жеке таңдауына және пікір алуандығына құрметпен қарайтындарын ерекше атап өткен.
Еске сала кетейік, продюсер Баян Есентайқызы Orda News YouTube арнасына сәлем салудың өзіне жабайы болып көрінгенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды