Алматыдағы қара бизнес: Психикалық орталық науқастарын ұрлап, өлтіріп, пәтерін арзанға сатқан

cover Фото: Orda.kz

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған сотында жалғызбасты зейнеткерлер мен психикалық ауытқулары бар адамдарды ұрлап, жылжымайтын мүліктерін иемденген қылмыстық топқа қатысты кезекті сот тыңдалымы өтті.

Еске сала кетейік, сотталушылар орындығында 22 адам, олардың арасында психикалық денсаулық орталығының (ПДО) бұрынғы бөлімше меңгерушілері, бұрынғы құқық қорғау органдары қызметкерлері, нотариустар, риэлторлар және қылмыскер-рецидивистер болды. 

Orda.kz тілшісі осы шулы істің мәліметтеріне зер салып, саралап көрді.

Кезекті сот отырысынды бірнеше эпизод бойынша куәгерлерден жауап алынды. Жауап алу 7-8 эпизодқа қатысты сот-медициналық сарапшы Михаил Ломахиннен басталды.

Сарапшы 1937 жылы туған Эмилия Кондратьевнаның жұмбақ өліміне қатысты сараптама нәтижелерін баяндады. 

«Одан оң және сол пластинаның түйіскен жерінде, қалқанша шеміршектің сынуы анықталды. Бұл құлағаннан болатын жарақат емес және күнделікті тұрмыста мұндай зақымдану алу мүмкін емес. Шеміршек арқанмен немесе қолмен механикалық асфиксия (тұншықтыру) кезінде сынуы мүкін», деп баяндады Ломахин.

Сонымен қатар сарапшы 2020 жылдың желтоқсанында Долгова тұншықтыру салдарынан қаза болғанын, бұны тергеу анықтағанын айтты. Сол кезде 17 жаста болған немересі Эля жетім қалды. Заң бойынша, қыз мұрагерлікке құқылы еді. Бірақ оның нағашы әпкесі Ирина Гапарова (қылмыстық іс бойынша негізгі күдіктілердің бірі) әжесі көз жұмбай тұрып өз мүлкін Гапароваға қалдырғаны туралы өсиет жазғанын мәлімдеді.

Келесі болып сот залына зардап шеккен Климович шақырылды. Айтуынша, Ақан Сері көшесінде орналасқан үйдің иесі Климовичтің енесі Мигунова қайтыс болғаннан кейін, үйді белгісіз біреулер басып алған.

«Көршім хабарласып, сенің енең қайтыс болды, ал пәтерге жаңа тұрғындар көшіп келіп жатыр деді. Менің ұлым Андрей Климович, енем Клавдия Мигунованың жалғыз мұрагері еді»,  деп жағдайды түсіндірді Климович.

Климович Гапаровамен тергеу кезінде танысқанын, ешқандай туыстық қатынастары жоқ екенін мәлімдеді.

«Мен Анарбаеваны танымайтынмын,  Болтабаев 2021 жылы маған келіп, оның Өзбекстанда тұратын танысының пәтері барын айтты.  Алматыда тұратын әйелден мұра алды, ақыға мұрагерлікті өзінің атына алуға көмектесе аласың ба, деді. Біз Амироваға келдік.  Болтабоевтың қолында Анарбаеваның өсиетнамасы мен куәлігі болды. Нотариус Амирова сенімхатқа Қазақстан азаматы қатысуы керек деді. Мен бәрі заңды болады деп ойладым. Өзбекстаннан сенімхат жіберілді, құжаттарды Болтабоев әкелді. Мен ештеңе білмеймін. Мен тек Анарбаеваның мұрасы мен сенімхатын қабылдадым», деп жауап берді Гапарова

Гапарованың айтуынша,  сол күні олар бірден пәтерге барған. Болтабоевтың қолындағы кілті құлыпқа сәйкес келмей,  есік ашылмады. Климович құлыпты ауыстырған екен. Олар шебер шақырып, пәтер құжаттарын көрсетіп,  құлыпты ауыстырды. Пәтер қорқынышты күйде еді.

«Мен пәтерді сатып алатын клиент тауып бердім.  Пәтерді Мамедов пен Жамалиев 7,2 млн теңгеге сатып алды. Ақшаны  Болтабоевқа бердім. Алайда пәтер ол кезде арестке қойылып, жаңа иелерін тіркеу мүмкін болмады. Пәтер құнын Мамедовқа қайтарып бердім» деді Гапарова.

Сондай-ақ, Мигунованың зейнетақы шотында жинаған 2,5 млн теңгесі болған екен. Гапарова 1 млн теңгені өзі иемденіп, 1,5 млн теңгесін Аширали Болтабоевқа берді. Осы іс-әрекеті үшін біраз уақыттан кейін Гапарова Түрксіб АІІБ шақырылады. Ішкі істер бөлімінде Гапарова Лихачевпен бір келісімге келді.

«Мен бар алтынымды ломбардқа тапсырып 1 млн теңгесін қайтарып бердім.  Болтабоевта қалған бөлігін қайтару керек еді» деді Гапарова.

Гапарова осы эпизод бойынша өзінің кінәлі екені растады.

«Мен өзім білмей алаяқтық жасағанымды мойындаймын. Мен бәрі заңды деп ойладым»


«Егер сіз бәрін заңды деп ойласаңыз, неге 1 млн теңгені иемденіп алдыңыз?» деп сұрақ қойды сот.
«Мен өз қызметім үшін, клиенттерге пәтер көрсеткенім үшін 1 млн теңгені өзіме қалдырдым», - деп жауап берді Гапарова.

Сенімхатты рәсімдеген нотариус Амировадан да жауап алынды. 

«Ешқандай жағдайда да мен өз кінәмді мойындамаймын. Мен бұл істен бір тиын алған жоқпын. Гапарова тек тариф бойынша төледі»  деді Зубайра Амирова.

13 эпизодқа сәйкес, Жанар Оразалықызы 5-шағымауданында екі бөлмелі пәтер сатып алып, бір күннен кейін пәтердің аресте екенін білді. 

«Мен пәтер сатып алғым келді. Ағамның танысы риэлтор Владислав Пак бізге осы пәтерді ұсынды. Дәл бүгін рәсімдеу және тек қолма-қол ақшамен төлеу шарты болды. Пәтер апатты жағдайда еді, терезелері мен жарығы жоқ. Бізге пәтердің иесі қарт адам, Талғарда тұрады деп айтты. Владислав бізді алаңдамасаңдар болады деп көндірді. Наталья сенімхат әкелді. 2 бөлмелі пәтер үшін 13 миллион теңгені Грушинаға бердік. Пәтерді сатып алғаннан кейін бір күннен соң, біз пәтердің аресте екенін білдік. Ақшаны ешкім қайтармады, риэлтор Пактан талап еткенде, ол да біз сияқты алданғанын айтты. Тергеу кезінде пәтер мөрмен жабылды. Қазір мен жөндеу жұмыстарын жасадым, себебі пәтерден жағымсыз иіс шығып, көршілер шағымданған еді» деді Жанар.

Сондай-ақ , Жанардың ағасынан да жауап алынды. Ол Оразалованың сөздерін растап, сотталушы орындығында отырған Грушина мен Гапарованы таныды.

Сатып алу шартын рәсімдеген нотариус  Сатпай Сейітовтің айтуынша, пәтер 16 млн теңгеге сатылды. Бұл екі бөлмелі пәтер үшін нарықтаға орта баға. Сонымен қатар, пәтер иесі Тулековадан Грушинаға сенімхатты рәсімдеген нотариус тағы да Зубайра Амирова болып шықты.

Ұйымдасқан қылмыстық топ 10 жылға жуық уақыт бойы психикалық науқастарды жүйелі түрде ұрлап, оларды бас бостандығынан және мүлкінен айыру ісімен айналысып келген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар