Алматыдағы ірі зауыттың жұмысшылары бірнеше айдан бері жалақысын ала алмай жүр
Фото: freepik.com
Темір жолға қажетті бағыттаушы жетек шығарумен айналысатын «КазЭлектроПривод» компаниясының әр қызметкеріне 1 млн теңгеден аса берешегі бар екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Зауыт жұмысшылары басшыларының екі айдан бері із-түзсіз кеткендерін айтып, шағымданды. Айтуларынша, кәсіпорын жыл басынан жалақыны кешіктіре бастаған. Мамыр айының жарты ақшасын шілдеде аударыпты. Содан бері есеп шоттарына қаражат түспеген көрінеді.
«Осы үш айлық көлемде 1,5 млн жалақы қарыз. Жалпы есептік қарыз бұл жерде 150 млн-дай. Біздің медсақтандыру төленбеген. Зейнетақы жарнасы төленбеген және салыққа ешқандай ақша түспеген», - дейді жұмысшылар.
Жалақысын ала алмаған жұмысшылардың несиесі де төленбей, өсіп жатыр. Жұмысшылар есеп шоттары бұғатталып, бірнеше ай несие төлемей, айыппұлдарының жиналып, өсіп бара жатқанын айтады.
«Зауыт 29 тамыздан бастап жұмыс істемей тұр. 29-ынан бастап офистік режимде жұмыс істеді. Одан кейін жарықты өшіріп тастады деді. Дәл қазіргі уақытта зауыт тоқтап тұр. Тіпті, соңғы мәліметтерге сүйенсек, күзетшілердің өзі кетіп қалған», - дейді еңбек ақысын талап еткендер.
Амалы таусылғандар қалалық еңбек инспекциясына арыз жазған. Құзырлы орган аталған шағымға сәйкес тиісті тексеру ашылатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық