Енді жасөспірімдер әлеуметтік желіні қолданбауы мүмкін
Фото: freepik.com
Австралияда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz 24KZ-ға сілтеме жасап.
Үкіметтің мәліметінше, әлеуметтік желілерге тыйым салу балаларды онлайн өмірдегі қауіп пен буллингтен қорғайды. Сондай-ақ жеткіншектердің шынайы өмірде өзге адамдармен қарым-қатынас құруына септігін тигізеді. Бірақ нақты қай жастағы жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойылатыны белгісіз. Ал австралиялық жастар бұл шешімге наразы.
«Аутизммен ауыратын адам ретінде мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда үлкен қиындықтарға тап боламын. Ал интернеттегі қарым-қатынас бұл процесті әлдеқайда жеңілдетеді, стрессті азайтады. Әлеуметтік желінің көмегімен араласуға болатын адамдар қатарын да көбейте аламын», - дейді жеткіншек.
Reuters мәліметі бойынша Австралияда жасөспірімдердің шамамен 97%-ы орта есеппен төрт онлайн платформаны пайдаланады. Осыған байланысты бұл елдің жастары қарым-қатынас құруда әлемдегі ең белсенді қоғам саналады екен. Сондықтан сарапшылар әлеуметтік желіге тыйым салу мәселені толық шешпейтіндігін айтып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Норвегияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық