Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді
Фото: Orda.kz
Алматыдағы Solana Fest концерті аяқталғаннан кейін жас жігіттерді біртіндеп әскери комиссариатқа алып кетіп жатқан туралы бізге ата-аналар хабарлап, Orda.kz сайтында осы оқиғаға қатысты материал жарияланды. Осы оңтүстік астананы шулатқан іске қатысты қалалық қорғаныс істері департаменті мән-жайды айтып, түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство 17 мамырдағы іс-шаралар концертке қатысы жоқ екенін және жоспарлы сипатта өткенін мәлімдеді.
Берілген мәлімет бойынша 16 мамыр күні жеке құрам кезекті әскерге шақырылушылар тобын жөнелтуге жұмылдырылған. Сондықтан ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл күні «әскер жасындағы азаматтарды қалалық жинақтау пунктіне жеткізу бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізілмеген».
Сонымен бірге департамент 17 мамыр күні [концерт 16 мамыр түн ортасына жуық аяқталған] жас жігіттердің жеткізілгенін растады, бірақ олар Медеу аудандық қорғаныс істері басқармасына апарылған. Ведомство нұсқасы бойынша, бұл шараны полиция қызметкерлері әскери комиссариат өкілдерімен бірлесіп жүргізген.
«Жекелеген азаматтар Алматы қаласының Медеу аудандық қорғаныс істері басқармасына есептік деректерін тексеру және мерзімді әскери қызметке шақыруға заңды негіздердің бар-жоғын анықтау үшін жеткізілді», деп мәлімдеді департамент.
Ведомство жас жігіттердің жеткізілгенін жоққа шығармады. Алайда бұл жағдайдың Solana концертімен байланысы жоқ екенін және бәрі жоспарлы тексеріс аясында өткенін алға тартады.
Ресми хабарламада департамент тексеру нәтижесінде жеткізілген азаматтардың әскерге шақырылмайтынын мойындады. Кідірісті олар интеграциялық жүйедегі деректерді жаңарту кезінде туындаған техникалық мәселемен түсіндірді.
«Тексеру және ақпараттық базалар бойынша мәліметтерді нақтылау нәтижесінде аталған азаматтардың заңнамада көзделген негіз бойынша әскерге шақырылмайтыны анықталды. Интеграциялық жүйедегі деректерді жаңартудың техникалық кідірісіне байланысты тексеру рәсімі біраз уақыт [екі тәулікке жуық] алды» деп жазылған хабарламада.
Осыдан кейін, департамент мәліметінше, азаматтар босатылып, тұрғылықты жерлеріне жіберілген.
Бұған дейін заңгер Анатолий Бахиревтің адамды көшеден еш түсіндірмесіз «алып кету» тәжірибесі көп жағдайда заңсыз екені туралы пікірін жариялағанбыз. Оның сөзінше, әскерге алдымен шақыру қағазынан арқылы шақыру қажет. Ол жеке қолхат арқылы тапсырылады немесе ресми түрде жіберіледі. Тек шақыру қағазын алған адам келмеген жағдайда ғана оны полиция арқылы іздеп, жеткізуге болады.
Жиналған ата-аналардың бірі бізге ұлының соттылығына байланысты оны әкетпеуі тиіс болғанын айтқан. Ер адамның сөзінше, отбасына алдын ала ешқандай шақыру қағазы жіберілмеген.
«Менің ұлым сотталған, шартты емес. Менің түсінуімше, оны мүлде алып кетуге болмайды, ол қызмет ете алмайды. Соған қарамастан оны алып кетті. Бұған дейін ешқандай шақыру қағазы келген жоқ, бізге алдын ала ештеңе жіберілмеді», — дейді баланың әкесі.
Ата-аналардың айтуынша, жас жігіттерді концерттен кейін алып кеткен, ал әскери бөлімнің жанында адамдар балаларын екі тәулік бойы күткен. Олардың сөзінше, құжаттарды тек ата-аналар жиналғаннан кейін ғана жинай бастаған.
«Біз мұнда екінші күн тұрмыз. Енді ғана Медеу ауданынан өкіл шығып, құжаттарды жинай бастады. Яғни, алдымен балаларды алып кетіп, демалыс күндері ұстап отырды, тек содан кейін ғана олардың жарамды-жарамсыз екенін, оқитынын-оқымайтынын анықтай бастады»,— деді әйелдердің бірі әскери бөлім жанында.
Біздің тілші жинақтау пунктінің алдында болған жағдайды бақылаған. Біз ата-аналар балаларын өздері алып кетіп жатқанын көрдік.
Сондай-ақ ведомство жауабынан адамдарды алдымен бөлімге жеткізіп, содан кейін ғана олардың әскерге шақырылуға жататын-жатпайтынын тексере бастағанының себебі әлі де түсініксіз. Сонымен қатар департамент қанша адамның жеткізілгенін, олардың қанша уақыт болғанын, арасында студенттер, кәмелетке толмағандар немесе бұрын сотталғандар болған-болмағанын, сондай-ақ жас жігіттерді көшеден жинау туралы шешімді кім қабылдағанын нақтыламады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің үйі аукционға шығарылды
- Президент бюджет жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
- «Көлігіңмен қоса өртеп жіберемін»: Астаналық такси жүргізушісіне жолаушы қоқан-лоқы көрсеткен
- Астанада бес жасар баланы ойын алаңында ток соғып, жансақтау бөліміне түсті
- Жамбыл облысында 19 жастағы әйел «Барниге» бола күйеуімен жанжалдасып, кейін қайтыс болды
- «Бір күнде 14 айыппұл»: Алматы облысында жүргізушілер жол камераларына шағымданды
- 16 жастағы қыз қаза тапты: Алматы облысында бір топ жасөспірім жол апатына түсті
- Азия чемпионаты: Еліміздің ауыратлеттері 59 медаль алып, бес әлемдік рекорд орнатты
- Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді
- Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды
- Қазақстандағы блэкаут: Қырғызстан KEGOC мәлімдемесіне жауап берді
- Мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған: Оқиғаның жай-жапсары
- Иран АҚШ-тың әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған сарбазы үшін 30 мың доллар төлеуге дайын
- «Бұл арандату емес»: Бақытжан Базарбектің туыстары жол апаты туралы пікір білдірді
- Жаңатоған ауылының тұрғындары өртпен өздері күресіп жатыр: Бір адам ауыр жараланды
- «15 млн теңге бер, әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»: Түркістанда жалған ҚМА қызметкерлері ұсталды
- Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды
- Анкарада Әлихан Күриш қамауға алынды: Тергеу барысында 200 келі алтын тәркіленді
- Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында адам қағып кетті ме? Полиция не дейді?
- ЕАЭО орнына: Мирзиёев Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біріктіруді ұсынды