Алматыдағы атыста қаза тапқан бесінші адамның кім екені айтылды
Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғыны үйін босатуды талап етіп келген сот орындаушысы мен екі учаскелік полицейді және жаңа үй иесін аңшы мылтығымен атып өлтірді. Бұған дейін қайтыс болған төрт азаматтың есімдері аталған еді. Бүгін бесінші адамның кім екені анықталды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Оқиға орнында оққа ұшып мерт болған азамат үйдің жаңа иесі болған Нұрахмет Тұрғановтың досы болып шықты. Ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты.
— Қайтыс болған бесінші адам үйдің жаңа иесінің досы. Ол оқиға орнына куәгер ретінде келген, - деп мәлімдеді Таймерденов брифингте.
Атыстан қаза тапқандар тізімі:
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 ж. т;
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 ж. т;
Жеке сот орындаушы Абенов М;
Жеке кәсіпкер Нұрахмет Тұрғанов пен оның куәгер ретінде келген досы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық