Алматы тұрғыны үйін тәркілемек болған сот орындаушыларын атып тастады
Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғыны үйін босатуды талап етіп келген сот орындаушысы мен екі учаскелік полицейді және жаңа үй иесін аңшы мылтығымен атып өлтірді. Осыдан он жыл бұрын 2011 жылы Игорь Дужнов пен әйелі Анаид Демирчян банктен жылжымайтын мүлігін кепілдікке қойып несие алған. Қарыз уақытында қайтарылмағандықтан банк үйді аукцион арқылы үйдің жаңа иесі Нұрахмет Тұрғановқа сатқан.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Алматы қаласы Ақбұлақ шағын ауданының тұрғыны Игорь Дужнов оқиғаның басты кейіпкері. Кеше сағат 17:00 шамасында үйге меншік құқығы туралы дау бойынша сот шешімін орындау кезінде ол бес адамды атып өлтірді.
– Сот шешімімен танысқаннан кейін, шығарылған тұрғын үйге жүгіріп келіп, аңшылық мылтығынан сот орындаушысына, учаскелік инспекторларға және аулада тұрған басқа адамдарға оқ жаудырды. Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындау үстінде болған екі полиция қызметкері қаза тапты, – деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.
Игорь Дужнов – кәсіпкер. Оған «Нано Плюс» ЖШС тіркелген. Жұбайы Анаида Демирчянның атында «Идеал Сервис» ЖШС тұр. Екеуінің ортақ үш баласы бар екендігі және атыс кезінде балалардың үйде болғандығы айтылды.
Оқиға орнына барған Orda.kz журналистері құзырлы органдардың атыс аймағын қоршап қойғанын көрді.
Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі «орындау кезінде адамды өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді атқыш 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов құрықтау арнайы мақсаттағы жауынгерлердің қатысуымен жүргізілгенін хабарлады.
Полиция тарапынан қару қолданылмады, өйткені сол кезде үйде балалар мен әйелдер болған.
Атыстан қаза тапқандар тізімі:
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 ж. т;
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 ж. т;
Жеке сот орындаушы Абенов М;
Жеке кәсіпкер Нұрахмет Тұрғанов және тағы бір адамның дерегі анықталуда.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Желіде қылмыскердің құрықталған кезінде түсірілген видео пайда болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық