Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
Фото: pixabay
Алматыда суррогат ана шала туған баланы алып кетуден бас тартқан қытайлық биологиялық ата-аналардан уәде етілген ақшаны талап етуде. Әйел жаңа туған нәрестені сәбилер үйіне тапсырып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК арнасының мәліметінше, 27 жастағы Кристина Гаврилюк қытайлық ерлі-зайыптылар үшін бала көтеруге келісіп, бұл қызметі үшін 7,5 миллион теңге алуы тиіс болған. Эмбрион Алматыдағы клиникалардың бірінде салынған. Әйелдің айтуынша, жүктілік кезінде тапсырыс берушілер тұрақты түрде ақша аударып, ай сайын шамамен 200 мың теңге төлеп отырған.
Алайда асқынуларға байланысты бала жетінші айында мерзімінен бұрын дүниеге келген. Осыдан кейін, Гаврилюктің сөзінше, биологиялық ата-аналар шала туған ұл баланы алып кетуден бас тартқан.
Алдымен олар баланың жағдайын тексеру үшін медициналық сараптама жасатуды сұраған. Кейін ДНҚ-тест талап еткен. Тест нәтижесі нәрестенің өздерімен туыстығын растағанымен, көп ұзамай ата-анасы байланысқа шықпай қойған.
Кристина дүкенде сатушы болып жұмыс істейді, алты жастағы қызын тәрбиелеп отыр. Бұған дейін ол екі рет суррогат ана болған, екі жағдайда да келісім сәтті аяқталған. Бұл жолы уәде етілген ақшаны ала алмаған. Босанғаннан кейін әйел баладан ресми түрде бас тартқан.
Гаврилюктің айтуынша, дәрігерлер бастапқыда нәресте «тастанды бала» мәртебесін алуы мүмкін екенін айтқан, кейін ол «бас тартылған бала» ретінде тіркелген.
Биологиялық ата-ана туралы мәлімет аз, олар Қытай азаматтары екені ғана белгілі. Ал қазір олардың қайда екені белгісіз. Эмбрион салынған клиника жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
Әйел полицияға жүгінгенімен, қылмыстық іс қозғалмаған. Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері анықталмаған. Сондықтан мұндай даулар азаматтық сот тәртібімен қаралуы тиіс.
Заңгерлер әйелге сотқа жүгінуге кеңес беріп отыр. Сондай-ақ ата-аналар шетел азаматтары болғандықтан, Қытай елшілігіне және сыртқы істер министрлігіне өтініш жолдау ұсынылады.
Қазір нәресте сәбилер үйінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, бала өсіп, салмақ қосып келеді екен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық