Алматыда құм аралас су ішкен халық шу шығарды
Фото: freepik.com
Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары бас көтерді. Халық инженерлік жүйеге жөндеу жұмысы жүргізілсе де нәтиже оңалмай тұрғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Аlmaty.tv арнасының мәліметінше, Наурызбай ауданындағы Сағдиев көшесінің бойында орналасқан 40-қа жуық үйдің тұрғындары суға қатысты туындаған мәселемен 3 жылдан бері күресіп келеді. Жиналғандардың айтуынша, құбырлар ескіріп, тозып кеткен. Құбырдың жарылған жерін мамандар келіп жөндейді екен. Бірақ көп ұзамай құбырдың келесі жері жарылып тұратын көрінеді.
«Су ағып жатады. Екі күн жөндесе, үшінші күні қайта жарылады. Сол 2 күнде кірді жуып алуға тырысамыз. Трассадан өтіп жатқан адамдар да көріп отыр», – деді қала тұрғыны.
Судың сыртқа аққаны былай тұрсын, ол ішуге де жарамсыз болып кеткен. Құм араласқан суды ішкен халықтың шу шығаруына тура келген.
«Су құрамында құм көп. Сүзгісіз қолдансақ, бүйрекке тас түседі. Бірақ сүзгіні де жиі ауыстыруға тура келеді. Тұрмыстық техника жиі бұзылып қалады. Сапасыз су үшін ақы төлеп отырмыз», – деді қала тұрғыны Зарина Диғарбекова.
Суға жауаптылар «ай соңына дейін 300 метрлік жаңа құбыр орнатып береміз» деп уәде етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық