Ақтөбе облысында былтыр 250 млн теңгеге жөнделген бөгет тағы да бұзылды
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысында көктемгі тасқын кезінде су шайған бөгет тағы да бұзылды. Бұл нысан бюджеттің 257 миллион теңгесіне былтыр ғана жөнделген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысында былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен бөгетті екінші рет су шайып кетті. Алға ауданындағы Көсем су қоймасына көктемде жобалық көлемнен екі есе артық су келген. Салдарынан бөгет бұзылып, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндірді. Мердігер мекеме кепілдік мерзімі аясында нысанды қайта жөндеуі тиіс болған. Алайда, бұл жұмыстар биыл аяқталмады. Бұзылған екі учаскенің бірін қалпына келтіру үшін топырақтан уақытша жол салынып, құбыр төселді. Соңғы жауған жауын-шашын салдарынан ол аумақты да су бұзып кеткен.
Бұл бөгеттің сыйымдылығы 76 мың текше метр. Енді мердігер компания уақытша жолды қайта салып, жұмысты одан әрі жалғастыруы тиіс. Егер міндеттемесін тиісті деңгейде орындамаса, мәселе сот арқылы шешіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық