Алматыда көктемнің басынан бері 200-ге жуық адамды кене шақты
Фото: freepik.com
Көктемнің басынан бері бір ғана Алматының өзінде 186 адамды кене шақты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кене шаққан 89 адам — 14 жасқа дейінгі балалар. Олар шұғыл медициналық көмек алды. Кенелердің 60%-дан астамы Алматы облысында, әсіресе таулы аймақтарда шаққаны тіркелген. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Ахметова айтты.
Ол кене шаққаннан кейін көмек сұрағандардың ішінен алматылықтардың 60 % - дан астамы Алматы облысының аумағында тұратынын мәлімдеді.
Өткен жылы кене арқылы жұққан, ми жүйкелерін құртатын энцефалиттің үш жағдайы, сондай-ақ кене боррелиозының бір жағдайы тіркелді.
Алмаш Ахметованың айтуынша, қала ішінде кене шағудың алдын алу мақсатында өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ өңдеу тек қалада жүргізіледі екен. Жеке аумақтардың иелері осы қызмет түрін алу үшін билікке өздері жүгінуі керек.
Айта кетейік, Қытайда «қызғылт сары» ескерту жарияланды. Жүздеген рейстер тоқтап, мәдени көрікті орындар жабылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық