Алматыда итін темір тұғырға байлап, екі аяғынан тік тұрғызып қойған ер адам жазаланды
Фото: Бейнеден кадр
Алматыда итін темір тұғырға байлап, екі аяғынан тік тұрғызып қойған ер адам жазаланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның бейнежазбасы тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол итін байлап, өзі жаттығумен айналысуға кеткен. Асылып тұрған тазы ауырсынып, қыңсылаған. Оқиға 20 шілдеде Әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені маңындағы балалар алаңында болған.
Иттің иесі оның қыңсылағанына мән бермей, әрі қарай өз ісін жалғастырған. Ақыры куәгерлердің шағымынан кейін, ол итін босатып алып кеткен. Десе де шағымданған куәгерлерге ит иесі қоқан-лоқы көрсетіп, оларға анайы сөздер айтқан. Көп ұзамай оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
«Тергеу қорытындысы бойынша ер адамға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп жауап берді Медеу аудандық ПД.
Еске сала кетейік, Атыраудағы ерлі-зайыптылар қаза болған жарылыстан соң, жанармай бекетінің директоры ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық