Алматыда Finbet букмекерлік кеңсесі сотталды

cover

Алматыда Finbet букмекерлік кеңесінің басшылары сотталды.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Finbet» букмекерлік кеңсе басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

– Тергеу барысында Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары букмекерлік кеңсенің қызметімен қатар Қазақстанда 300 млн теңгеден астам сомада ерекше ірі көлемде табыс алып, заңсыз ойын бизнесімен айналысқаны анықталды.

Ақшалай құмар ойындарын заңсыз қабылдау Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүргізілді.

Сот үкімімен айыпталушылардың үшеуі заңсыз ойын бизнесін, әсіресе, үлкен көлемде табыс алып келгені үшін кінәлі деп танылды. Ұйымдастырушылардың екеуі 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, ал біреуі 2,4 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қылмыстық іс бойынша құны 100 млн теңгеден асатын қаражат пен басқа мүлік тәркіленді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар