Алматыда екі жігіттің сөмкесін ашып қараған полицейлерге қатысты қызметтік тексеру басталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Алматыда тұрғынның полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты шағымынан кейін қызметтік тексеру басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ер адамның айтуынша, 17 тамызда сағат 20:42 шамасында ол досымен бірге Инженерная көшесінде такси күтіп тұрған. Сол кезде оларға екі полиция қызметкері жақындап, өздерін таныстырмастан беттеріне жарық түсіріп, қалталарындағы заттардың бәрін көрсетуді талап еткен.
Оның сөзінше, кейін тағы бір полиция қызметкері келіп, куәгерлердің қатысуынсыз және бейнетіркеусіз сөмкесін ақтара бастаған.
Алматы қаласының полиция департаменті 17 тамызда Медеу ауданында патрульдеу кезінде қызметкерлердің мінез-құлқы күдік тудырған екі азаматқа назар аударғанын растады. Осыдан кейін полиция оларды тексерген.
«Тексеру барысында тыйым салынған заттар мен құралдар анықталған жоқ, азаматтарға қатысты қандай да бір шара қолданылған жоқ», деп хабарлады Алматы ПД.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері әрекетіне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық