Алматыда Бауыржан Байбекке қарсы пикет өтті
Азаттық
Бүгін, 4 наурыз Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдына бірнеше адам жиналды. Онда үш пикет өтті. Адамдар саяси тұтқындарды босатып, депутаттар жалақысын 42 500 теңгеге дейін түсіріп, экс-әкім Бауыржан Байбекті сотқа тартсын деді. Бұл туралы Азаттық хабарлады.
Пикетке 2020 жылдан бері саяси тұтқындарды босатуды талап еткен белсенді Дариға Рақым да орталық алаңға плакатпен келген.
— Мен елдегі барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етемін. Егер қателеспесем, сондай 27 адам бар. Арон Атабек, Алмат Жұмағұлов, Кенжебек Әбішев, Әсет Әбішев, Ержан Елшібаев, Шухрат Кибиров және жас белсенділер. Қазір билік азаматтық белсенділерді қудалауды күшейтті. Азаматтық белсенділердің көксегені не? Олар билік құқықтарын құрметтесе дейді, Конституциямен кепілдендірілген бостандықтың шектелмегенін қалайды. Биліктің ауысқанын, даму болғанын қалайды. Біз бай елміз. Жер қойнауымыз ресурстарға бай. Ендеше неге біз дамыған елдердің қатарында емеспіз?, деді ол.
Оның артынан «42 500 теңге» деген жазуымен Алматы тұрғыны Асқар Исатай алаңға шықты. Оған әкімшілік тарапынан пикеттің «заңсыз» екені ескертілді.
— Сенаторлар мен депутаттардың айлығы 42 500 теңге болуы керек. Қазір олар кем дегенде 600-700 мың теңге айлық алады. Олардың бұған қоса, хатшысы, көмекшісі бар. Екеуі де айлық алады. Қызметтік көліктері, кабинеті бар. Байланыс, шипажай деп тізбектеп айта берсе болады. Шамалауымша, бір депутатқа кемінде бір ай ішінде 2-3 млн теңге кетеді. Олардың жұмысы ондай ақшаға тұрмайды деп санаймын. Тіпті 200-500 мыңға да тұрмайды. Депутаттар мен сенаторлар 42,5 мың теңгелік айлыққа көшсін. Мұндай ақшаны қазір көп балалы аналар, мүгедектер, тұрақты жұмысы жоқ адамдар алып жатыр, деді Асқар Исатай.
Асқардың артынан пикетке белсенді Абай Ерекенов келді. Ол «Байбекті сотқа тарту керек» деген жазуы бар плакат көтерген. Ол бұрынғы қала әкімін жемқорлыққа қатысты тергеп, соттау керектігін айтты.
— Енді қазір қаланы дамытудың бас жоспары деп сол «жемқорлық істерді» заңдастырғысы келеді. Байбек қоғамдық тыңдаусыз, қоғамдық талқылаусыз, адамдарға ақпарат бермей, мәслихат шешімінсіз, министрлер кабинетінің шешімінсіз өз бетінше бірқатар қаулыларға қол қойды. Іс жүзінде Байбек тұсында Алматыда жаппай заңсыз құрылыс басталды, деді Ерекенов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық