Алматыда алғаш рет дроппер әйел ұсталды
Фото: Polisia.kz
Алматыда өз банк деректерін өзге адамдарға пайдалануға берген әйел ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ мәліметінше, Алматы қаласының тұрғыны жаңадан енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл бап алаяқтардың ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруына немесе өзге шоттарға аударуына жол беретін қаржылық делдалдардың әрекеттеріне тосқауыл қоюды көздейді.
Тергеу кезінде жеке кәсіпкер өз тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға бергені анықталды. Сол деректер арқылы алаяқтық белгілері бар күмәнді ақша аударымдары жасалған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бұл – банктік деректерін заңсыз операциялар үшін пайдалануға бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған еліміздегі алғашқы жағдай. Жаңа норма бұған дейін жазасыз қалып келген қаржылық алаяқтық тізбегін тоқтатуға мүмкіндік береді», – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.
Еске сала кетейік, «дроппер» деп аталатын тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық